-3.5 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАқмола облысында санитарлық нормаларды бұзу фактісі бойынша тергеу басталды

Ақмола облысында санитарлық нормаларды бұзу фактісі бойынша тергеу басталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ерейментау ауданында жаппай улану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Esilnews.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, аудандық аурухананың инфекциялық бөлімшесіне жеті адам бірдей улану белгілерімен жеткізілген.

Медициналық тексеріс нәтижесінде олардың тағамнан улануы мүмкін екені анықталды.

Оқиға туралы ақпарат түскеннен кейін учаскелік инспектор тиісті қызметтерге хабар берген. Тексеру барысында барлық зардап шеккендердің бір шараға қатысқаны белгілі болды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы («Санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары уланудың нақты себебін және оған жауапты тұлғаларды анықтап жатыр.

Полиция өкілдері санитарлық талаптарды қатаң сақтаудың маңыздылығын еске салады.

«Санитарлық және гигиеналық нормаларды сақтау – әрбір азаматтың міндеті. Мұндай талаптарды елемеу адам денсаулығына және өміріне қауіп төндіреді», – делінген ресми хабарламада.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз