0.1 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарЖылжымайтын мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу

Жылжымайтын мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу

Сондай-ақ, оқыңыз...

Кепіл – бұл Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес,  борышкердің мойнына алған  міндеттемені орындамаған жағдайында, кредитор (кепіл ұстаушы) кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындатқызуға құқылы болатын міндеттемені қамтамасыз ету тәсілі болып табылады. Бұл  құқық басқа кредиторлардан басымдылықпен кепілге салынған мүліктің құнынан алынады, және ол кепіл берушіге тиесілі мүлік.

Кепіл — шарт негізінде туындайды. Сонымен қатар, кепіл заңнамалық актілерде көрсетілген жағдайлар туындағанда да пайда болуы мүмкін. Бұнда заңда қандай мүлік және қандай міндеттеме үшін кепіл деп танылатыны көзделуі ескеріледі.

Кепілге салынған жылжымайтын мүлікке құқықтардың (шектеулердің) пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуы тіркеуге жатады, және бұл тіркеу Қазақстан Республикасының осы қатынастарды реттейтін заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Міндеттемелік талаптың мазмұны мен сипаты өзгерсе (мысалы, негізгі міндеттемедегі тараптың ауысуы), ол тіркелген кепілге қосымша ретінде тіркелуге жатады.

Фарида Хасанова, Ақмола облысы әділет департаментінің тіркеу қызметін бақылау бөлімінің жетекші маманы.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз