Кепіл – бұл Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, борышкердің міндеттемені орындамаған жағдайында, жалға берушінің кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені қайтарып алуға құқық беретін тәсілі. Бұл құқық басқа кредиторлардан басымдылықпен кепілге салынған мүліктің құнынан алынады, ал бұл мүлік (кепіл берушіге) тиесілі.
Кепіл — шарт негізінде туындайды. Сонымен қатар, кепіл заңда қандай мүлік және қандай міндеттеме үшін кепіл деп танылатыны көзделсе заңнамалық актілерде көрсетілген жағдайлар туындағанда да пайда болуы мүмкін.
Кепілге салынған жылжымайтын мүлікке құқықтардың пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуы тіркеуге жатады, және бұл тіркеу Қазақстан Республикасының осы қатынастарды реттейтін заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады (2007 жылғы 26 шілдеде қабылданған «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңның 48-бабы). Міндеттемелік талаптың мазмұны мен сипаты өзгерсе (мысалы, негізгі міндеттемедегі тараптың ауысуы), ол тіркелген кепілге қосымша ретінде тіркелуге жатады.
Фарида Хасанова,
Ақмола облыстық әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды
тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің жетекші маманы.