1.3 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарЖолдағы жауапкершілік – әр адамның парызы

Жолдағы жауапкершілік – әр адамның парызы

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында дүниежүзілік жол-көлік апаты құрбандарын еске алу күніне орай «Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы» аясында полицейлердің ұйымдастыруымен автошеру өтті.

Жыл сайын қараша айының үшінші жексенбісінде әлем елдері жол апаттарынан көз жұмған азаматтарды еске алады. Бұл күн – тек аза тұту сәті ғана емес, әрбір жүргізуші мен жаяудың өз мінез-құлқы мен жауапкершілігіне ой жүгіртетін мезет.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен республика аумағында өтіп жатқан бұл апталықтың негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол мәдениетін арттыру.

Апталықтың алғашқы күнінде Ақмола облыстық полиция департаментінде қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан тәртіп сақшыларының рухына тағзым етіліп, мемориалға гүл шоқтары қойылды.

Облыстық Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы бастығы, полиция полковнигі Ержан Қошқарбаев өз сөзінде былай деді:

«Жолдағы қайғылы оқиғалар – бәрімізге ортақ сабақ. Біз өмірден озғандарды ұмытпауымыз керек және жаңа қасіреттердің алдын алу үшін бар күшімізді салуға тиіспіз. Жолдағы қауіпсіздік әр адамның жауапкершілігінен басталады».

Көкшетау қаласында өткен автошеруге полиция, жедел жәрдем және төтенше жағдайлар департаменттерінің арнайы автокөліктері, сондай-ақ жол апатынан зақымданған көліктерді сүйрейтін эвакуаторлар қатысты.

Қалалық полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің патрульдік полиция батальонының командирі, полиция майоры Данияр Аманжолов атап өткендей, бұл шараның басты мақсаты – жол қозғалысына қатысушыларға жолдың қатал сын екенін еске салу.

Апталық барысында өңірде жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізіледі. Полицейлердің айтуынша, жолдағы қауіпсіздік – бәріміздің ортақ ісіміз.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз