Ақмола облысында жаңа Конституция жобасына қатысты сарапшылар пікір білдіруде. Қосшы қалалық мәслихатының депутаты Ақылбек Данабекұлы бұл құжат елдің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті.
Оның айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістер мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға, жергілікті өкілді органдардың рөлін күшейтуге және азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға ерекше назар аударады.
«Менің ойымша, жаңа Конституция жобасы елдің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам. Құжатта мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, жергілікті өкілді органдардың рөлін күшейту және азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуі қоғам үшін аса маңызды», – деді Ақылбек Данабекұлы.
Депутаттың айтуынша, өңірлердің дамуы мен тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру мәселелері жергілікті билік үшін әрдайым басты назарда болуы тиіс.
«Жергілікті өкілді органның депутаты ретінде мен өңірлердің дамуы мен тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту мәселелері әрдайым басты назарда болуы тиіс деп санаймын. Жаңа Конституцияда өңірлердің әлеуетін тиімді пайдалану, жергілікті басқару жүйесін жетілдіру және халықтың пікірін ескеретін ашық басқару тетіктерін дамыту қарастырылуы – уақыт талабына сай шешім», – деді ол.
Сонымен қатар, оның пікірінше, конституциялық өзгерістер экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және кәсіпкерлікті дамытуға да оң ықпал етеді.
«Конституциялық өзгерістер экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік береді. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға, шағын және орта бизнестің дамуына, соның нәтижесінде халықтың әл-ауқатының артуына оң әсерін тигізеді», – деді депутат.
Ақылбек Данабекұлы жаңа Конституция жобасы мемлекет пен азаматтар арасындағы сенімді нығайтуға бағытталғанын атап өтті.
«Менің пікірімше, жаңа Конституция жобасы қоғамдағы тұрақтылықты нығайтып, мемлекет пен азаматтардың арасындағы өзара сенімді арттыруға бағытталған маңызды құжат. Мұндай бастамалар еліміздің тұрақты дамуына және болашақ ұрпақтың жарқын келешегіне негіз болады деп сенемін», – деді ол.










