Суббота, 21 декабря, 2024
-18.5 C
Kokshetau

Жәпек батырдың «тарихи тұлғалар» тізіміне енгізілмегені қалай?

Бізде мемлекеттік яғни ұлттық идеология бар ма? Оны жүргізіп отырған кімдер? Меніңше біздің мемлекетте оның исі де жоқ. Олай дейтінім, Қазақ жерінің бұрынғы тарихи атауларын қайтару, не болмаса кезінде ақ найзасын қолына алып, осы жерді, елді қорғаған Елім деп еңіреген ерлердің есімін қоюдың өзі қиямет — қайымға айналып кеткен.
Міне алты жылдың жүзі болды XVIII ғ қазақ халқының каһарман батыры Жәпек батыр Дәуітбай ұлының есімін бүгінде ұрпақтары тұрып жатқан Новоукраинка ауылдық округіне бере алмай келеміз. Ауылдан, халықтан өтіп тұр.
Бірақ, Ерлан Карин басқаратын Президент аппаратының жасаған » тарихи тұлғалар» тізіміне Жәпек батыр Дәуітбай ұлы кіргізілмей қалыпты. Жоғары жақтың беретін жауабы ол тарихи тұлға осы Карин мырза мақұлдаған тізімге кірмегендіктен — тарихи тұлға болып есептелмейді екен….
Бұл тек Жәпек батырға ғана байланысты туып отырған жоқ. Осы ат есімін беруге болады деп шешілген «Тарихи тұлғалар тізіміне» неге екені белгісіз осы Солтүстік өңірден шыққан көрнекті, еңбегі Елге сіңген адамдар енгізілмеген. Оның орнына осы тізімді жасаған адамдардың субъективті пікірімен басқа адамдар енгізіліп кеткен.
Олар яғни Президент аппаратындағы адамдар осы жердің ғалымдарымен, зиялы қауым өкілдерімен неге ақылдаспаған? Бұл масқара жағдай!!! Осыдан кейін мемлекеттік саясат туралы айтудың өзі артық.
Анықтама: Жәпек батыр Дәуітбай ұлы. Абылай ханның серігі, қолбасшы.
Жәпек батыр туралы: орыс және қытай деректері көп.
Ш . Уәлихановтың тарихи шығармасында жазылған.
Совет тарихшысы Мойсеевтің еңбегінде,
Бұқар, Ақтамберді, Шал ақын- жыраулары жырлаған.
Ілияс Есенберлин, Мұқтар Мағауин, Иран — Ғайып, Төлеген Қажыбаев сияқты қазақтың ақын — жазушылары жазған.
Қазақ халқы үшін ұлттық Пантеон саналатын Қожа Ахмед Яссауи мазарында 27 боп ат есімі жазылған.
2016 жылы Көкшетауда ғылыми — практикалық конференция өткен.
Осының бәрін негізге алсаң да ол кісі «Тарихи тұлғалар тізімін» жасаған авторлар үшін тарихи тұлға болып табылмайды екен. Әділдігін ұрпағы мен емес, халық айтсын. Сосын таң қалмаңдар Асландар қайдан шықты деп …
Ғалымтай Төлепберген, тарихшы-ғалым, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы.

Hot this week

Талғардағы оқиға барша қазақстандықтарды алаңдатуда

Қазан айының басында  Алматының іргесіндегі Талғар қаласында  орын алған...

Ресей мен Украинаның арасында бейбіт келісім бола ма?

Украинадағы қанды қырғын соғыстың жүріп жатқанына үш жылдай уақыт...

Бөліп-жарып билеу тәсілі жалғаса бере ме?

Қазақ елі үш ғасырдан астам уақыт Ресейдің боданы болып...

Қазақстан үшін Ресей сенімді әріптес пе?

Күні кеше өткен Ресей президенті Путиннің Қазақстанға іссапарына қатысты...

Апостиль электрондық қызметін қалай жылдам алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа мемлекеттің...

Topics

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен...

Трамптың билікке келуі Ресейге тиімді ме?

АҚШ-тағы президент сайлауы барша әлем елдерінің назарында болды десек,...

Украина өз ядролық қаруын жасай ма?

Өткен аптада интернеттік ақпарат желілерінде талқыланған ең өзекті мәселе...
spot_img

Related Articles

Popular Categories

spot_imgspot_img