Воскресенье, 22 декабря, 2024
-9.1 C
Kokshetau

Зеренді ауданы әкімдігінде қызметкерлерін арақпен суара ма?

Айналасы бірер аптаның ішінде Зеренді аудан әкімінің орынбасары мен осы ауданға қарасты Викторовка ауылдық округі әкімінің  араққа сылқия тойып алып, рульде отырған сәтінде ұсталғанын жазбаған БАҚ жоқ. Әлеуметтік желілерде де олар туралы жергілікті блогерлер түсірген бейнежазба мен фотосуреттер желдей есіп жүр.

Аудан әкімінің орынбасары Есімхан Байғабыловты қаңтардың 28-де Көкшетау қаласында Назарбаев және Уәлиханов көшелерінің қилысында полиция ұстаған.  Өзінікі емес, үкіметтікі, аясын ба, әкімдіктің Kia Cadenza көлігін мас күйінде мініп алған екен.

Сотта ол «алкогольдік ішімдік ішкен жоқпын, «корвалол» ғана іштім» деп кінәсін мойындамапты. Алайда, сараптама оның қанында 1,89 промил спирттің барын, яғни орташа деңгейде мас болғандығын дәлелдеп берді.

Көкшетау қалалық әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 1-бөлігі (көлік құралын мас күйінде басқару) бойынша заң бұзушылық жасаған Зеренді ауданы әкімінің орынбасарына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралып, нүктесі қойылды.

«Соттың қаулысымен айыпталушы көлік құралдарын басқару құқығынан 7 жылға айырылды. Сонымен бірге, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұған қоса, шара қолдану мақсатында сот облыс әкімінің атына жеке қаулы шығарды. Онда қарамағындағы қызметкердің құқық бұзушылыққа жол бергені туралы айтылған. Сот актілері заңды күшіне енген жоқ», — деп түсіндірді Esilnews тілшісінің сауалына Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Мына қызықты қараңыз, ақпанның 10 жаза тағайындалған Есімхан Байғабылов ресми түрде еңбек демалысында болып шықты. Әдеп кеңесі оны енді тек еңбек демалысынан шыққан соң ғана шақыра алады. Ал ол кезде оның ары Әдеп кеңесі мүшелері алдында сүттен ақ, судан таза болып шығатыны сөзсіз.

Сонмымен бірге, «бастықтан қалыспайын» дегендей Викторовка ауылдық округі әкімі Виктор Рукавишниковте мас күйінде көлік басқарып жүрген сәтінде ұсталды. Оны да сот 15 тәулікке қамады. Оның ісі Зеренді аудандық сотында қаралды. Сотта әкім кінәсін мойындады. Мойындамасқа амалы жоқ. Оның кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, жеңіл дәрежелі алкогольдік мас болуды анықтаған медициналық куәландыру қорытындысымен расталды. Сот қаулысымен оған 7 жылға көлік басқару құқығынан айыру және 15 тәулікке қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Қазір ол әкім болып жұмыс істемейді деген қаңқу сөз шығып жатыр. Әрине, мұндайлар әкім болып істей беретін болса, ел қайдан оңсың? Дегенмен, ол ұсталған кезде ауыл әкімдері корпусы тізімінде болғаны анық. Ол демалыс күндері ұсталған болса, онда аудан әкімі Әсен Жақсылықов оны қашан жұмыстан шығарып үлгерді? Оған қоса, ауыл әкімдері сайлану арқылы жұмысқа қабылданады. Сол себепті, жұмысынан кететін болса, онда аумақтық сайлау комиссиясына міндетті түрде өтініш жазуы керек. Ал, Виктор Рукавишниковтен Зеренді аудандық сайлау комиссиясына ондай өтініш түспепті. Оны  сайлау комиссисы төрағасының орынбасары Константин Новокрещеновте растап отыр.

Жарайды, «Қазаншының еркі бар, қайдан құлақ шығарса» демекші, кімді шығарып, кімді қояды оны өздері біледі.

Бізді толғындаратын бір сұрақ, ол айналасы бірер аптаның ішінде бір аудан әкімдігінен екі қызметкердерің мас болып көліктің руліне отыруы. Яғни, «Зеренді ауданы әкімдігінде қызметкерлерін арақпен суара ма?» деген сауал туындайды. Осыған оқырман не дейді?.

Hot this week

Талғардағы оқиға барша қазақстандықтарды алаңдатуда

Қазан айының басында  Алматының іргесіндегі Талғар қаласында  орын алған...

Ресей мен Украинаның арасында бейбіт келісім бола ма?

Украинадағы қанды қырғын соғыстың жүріп жатқанына үш жылдай уақыт...

Бөліп-жарып билеу тәсілі жалғаса бере ме?

Қазақ елі үш ғасырдан астам уақыт Ресейдің боданы болып...

Қазақстан үшін Ресей сенімді әріптес пе?

Күні кеше өткен Ресей президенті Путиннің Қазақстанға іссапарына қатысты...

Апостиль электрондық қызметін қалай жылдам алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа мемлекеттің...

Topics

Талғардағы оқиға барша қазақстандықтарды алаңдатуда

Қазан айының басында  Алматының іргесіндегі Талғар қаласында  орын алған...

Ресей мен Украинаның арасында бейбіт келісім бола ма?

Украинадағы қанды қырғын соғыстың жүріп жатқанына үш жылдай уақыт...

Бөліп-жарып билеу тәсілі жалғаса бере ме?

Қазақ елі үш ғасырдан астам уақыт Ресейдің боданы болып...

Қазақстан үшін Ресей сенімді әріптес пе?

Күні кеше өткен Ресей президенті Путиннің Қазақстанға іссапарына қатысты...

Апостиль электрондық қызметін қалай жылдам алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа мемлекеттің...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен...

Трамптың билікке келуі Ресейге тиімді ме?

АҚШ-тағы президент сайлауы барша әлем елдерінің назарында болды десек,...

Украина өз ядролық қаруын жасай ма?

Өткен аптада интернеттік ақпарат желілерінде талқыланған ең өзекті мәселе...
spot_img

Related Articles

Popular Categories

spot_imgspot_img