Ақмола облысының Әділет департаментінде тәжірибелі, білікті мамандар көп, солардың бірі-Құрманбаева Динара Есетқызы. Ол өз ісін жетік білетін маман ретінде ұжымда танылып, үлкен беделге ие болған жан.
Динара Есетқызы 1978 жылы 16 қарашада Көкшетау облысының Новоселовка ауылында дүниеге келген. 2009 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2010 жылы Ақмола облысы Әділет департаментінің іс жүргізушісі қызметінен бастады. 2011 жылы мемлекеттік қызметке кіріп, Ақмола облысы Әділет департаменті Зеренді ауданының әділет басқармасының бас маманы болып тағайындалды.
Қазіргі уақытта Динара Құрманбаева Ақмола облысы Әділет департаментінің әкімшілік бөлімінің бас маманы қызметін атқарады. Оның жалпы мемлекеттік қызмет өтілі — 13 жыл.
Ол маңызды және жауапты «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесін жүргізу міндетін орындайды. Ол азаматтардың барлық келіп түскен өтініштерін бірінші болып көреді, олардың қаралу мерзімдері мен сапасын бақылайды, ешқайсысы назардан тыс қалмайтындығына көз жеткізеді. Бұл үлкен зейінді, дәлдікті және тәртіпті талап етеді. Динараның бойында сондай қасиеттердің бәрі бар.
Ұжымда ол тек кәсібилігі үшін ғана емес, сонымен қатар өзіне деген талапшылдығы мен егжей-тегжейге мұқият болғаны үшін де бағаланады. Ол жүйелі, өте ұқыпты және принципті адам. Бұл оған жұмыста жоғары сапаға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жас қызметкерлер оған кеңес алу үшін жиі жүгінеді және ол өз тәжірибесімен бөлісуге, нұсқаулық беруге және жылы сөзбен қолдау көрсетуге дайын.
Қызметтен тыс уақытта ол өзін жанжақты дамыту бағытында көп еңбектенеді. Ол оқығанды, жайлы ортада уақыт өткізгенді ұнатады. Оның мемлекетке қызмет етудің отбасылық дәстүрін жалғастырған ересек ұлы бар, ол Ақмола облысы полиция департаментінің инспекторы болып жұмыс істейді.
Мемлекеттік қызметші күні қарсаңында қоғам игілігі үшін адал және абыройлы еңбек етіп жүрген әріптесіміз Динара Құрманбаеваға еңбек жолында әлі де биіктерге жете беруіне тілектестік білдіремін. Барша әріпестерімді кәсіби мерекелерімен құттықтаймын.
Г.Рахматтулина, Ақмола облысы Әділет департаментінің
бас маманы.