0.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарУақыт өтті. Енді мемлекеттік қаржының қайда кетіп жатқанын сұрайтын кез келді

Уақыт өтті. Енді мемлекеттік қаржының қайда кетіп жатқанын сұрайтын кез келді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Мемлекеттік қаржыландырумен жылдар бойы күн көріп келе жатқан облыстық және қалалық газет редакцияларының ахуалы – бүгінгі ақпараттық кеңістіктің ең жанды жараларының бірі. Бірақ бұл жараны көргісі келетін де, емдегісі келетін де ешкім жоқ, деп хабарлайды Esilnews.kz тілшісі.

Жыл сайын бюджеттен қомақты қаражат құйылады. Миллиондаған теңге. Бірақ нәтиже қайда? Газеттің мазмұны қайда? Тиімділігі, жаңаруы, дамуы қайда?

Қарызға батқан редакциялар – қоғамның мойнында тұрған жүк

Мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейтін кейбір редакциялар ашық айтсақ – банкроттың шекарасында тұр. Іштей күйреген, сырттай әрең тірі.
Материалдық-техникалық база күйреуге жақын, қағаздан басқа ештеңе қалмаған.

Ең сорақысы – миллиондап қарыз жинаған редакциялардан ешкім есеп сұрамайды. Ешкім.

Кадр саясаты өлген, жаңашылдық жоқ, технология мүлде ескерілмеген

Қазіргі заман – цифрлық дәуір. БАҚ үшін бәсеке — TikTok, Telegram, Instagram.

Ал кейбір редакциялар үшін жаңашылдық деген – компьютерді қосу.

Журналист кадрлар тапшы. Себебі жас журналистің ол жерге барғысы келмейді. Неге келсін?

Онда атмосфера – өткен ғасыр.

Директор, бас редактордан бастап техникалық қызметкерлерге дейін — жасы 60-70-тен асқан адамдардан құралған «кейіпсіз кеңсе».

Бәрі кеңестік дәуірдің адамдары.

Бірақ бүгінгі дәуір басқа.

Ал кадрлық саясат деген ұғым ол жерлерде мүлдем жоқ.

Ақпарат тарату технологиясы кенже қалды

Әлемде медианың жаңа формалары күн сайын пайда болып жатса, біздегі мемлекеттік газеттердің дені әлі де PDF мен Facebook-парақша ашуды «цифрландыру» деп түсінеді.

Сөйтіп отырып, миллионаған бюджеттен бөлінетін қаржының сұрауы жоқ.

Сұрайтын орган да жоқ.

Мемлекеттік аудиторлар мен тексеру комиссиялары қайда қарап отыр?

Квазимемлекеттік ұйым санатына кіретін облыстық газеттердің қаржы-шаруашылық қызметі – ең алдымен Мемлекеттік аудиттің тікелей міндеті.

Бірақ неге екені белгісіз, бұл редакциялар жылдар бойы дұрыс тексерілмей келеді.

Тексерілсе – талай келеңсіздіктің беті ашылары хақ.

Тексерілмегені – сол келеңсіздікті жасыруға пайдалы болып отыр ма?

Қаражат бар. Қарыз да бар. Ал нәтиже жоқ.

Қоғам алдында жауапкершілікті талап ететін уақыт келді

Мемлекеттік ақпараттық саясат – елдің стратегиялық қауіпсіздігі. Ал сол саясатқа жауапты редакциялар бүгінгі таңда ескірген жүйеге айналды.

Егер біз шынайы, сапалы медиа кеңістік құрғымыз келсе:

  • Жемқорлыққа жол беретін қаражат бөлу схемаларын қайта қарау керек.
  • Әр редакциядан нақты нәтиже талап етілуі тиіс.
  • Қаржы аудиті толық, жан-жақты жүргізілуі қажет.
  • Басшылықтың кәсіби деңгейіне нақты талап қойылуы керек.
  • Редакциялар цифрлық трансформациясыз бір қадам да алға баса алмайды – бұл аксиома.

Түйін:

Мемлекеттік қаражат – ешкімнің жеке әмияны емес. Ол – халықтың ақшасы. Ал халық бюджеттен қаржыландырылатын медиадан сапа, адалдық және даму күтеді. Егер бүгін сұрамасақ, ертең кеш болады.

Себебі құлдыраған редакция – тек бір мекеменің мәселесі емес. Ол – бүкіл елдің ақпараттық қауіпсіздігінің әлсіреуі.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын «Газет басшыларынан есеп сұрайтын уақыт келді» тақырыбында мақала жазған едік.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз