Ақмола облысында Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы шұғыл медициналық эвакуация жасады, деп хабарлайды Esilnews.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Қазавиақұтқару ұшқыштары санавиация дәрігерлерімен бірге термиялық күйік алған баланы Степногорск қаласынан Көкшетаудағы медициналық мекемеге жеткізді.
«Ұшқыштар мен дәрігерлердің үйлесімді жұмысының арқасында бала облыс орталығына сәтті жеткізілді», – делінген хабарламада.
ТЖМ атап өткендей, әуе кемелері шалғай елді мекендерден науқастарды тасымалдау үшін тәулік бойы дайындықта тұрады.