0.7 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарТусыз қалған Степняк немесе Мемлекеттік рәмізге «ремонт» керек пе?

Тусыз қалған Степняк немесе Мемлекеттік рәмізге «ремонт» керек пе?

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысының Біржан сал ауданында бірнеше апта бойы аудан әкімдігі алдындағы тутұғырда Мемлекеттік ту желбіреген жоқ. Осыны байқаған тұрғындар әлеуметтік желіде ашу-ызаға толы пікірлер жазып, «Мемлекеттік рәміздің қадірі осылай түсіп бара ма?» деп сұрақ қойды, деп хабарлайды Esilnews.kz тілшісі.

Біреулер «жел жыртқан шығар», енді бірі «жаңа ту тігіп қоя салуға не кедергі?» десе, әкімдік өз уәжін былай түсіндірді:

«Тутұғырда техникалық ақаулар анықталды. Бағыттаушы бөлшек сынған, трос тозған. Қазір жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу аяқталған соң Мемлекеттік ту заңнамаға сай орнатылады».

Әкімдік уәде еткен күн — 20 қазан. Бірақ бүгін – 16 қазан. Демек, елдің рәмізі төрт күн бойы тағы «жөнделіп» тұрады.

Сонда бір жыртылған тростың, бір сынған бөлшектің кесірінен елдің намысы мен рәмізі де «уақытша істен шығуы» қалыпты жағдайға айналды ма?

Мәселенің мәні бір ғана ту емес. Мәселе — мемлекеттік рәмізге деген салғырттық пен жүйесіздікте.

Бір жағынан әкімдіктер патриотизм жайлы жиын өткізіп, елдік ұран айтады. Екінші жағынан — әкімдік алдындағы тутұғырда желбіреуге тиіс көк байрақтың өзі апталап «жоғалып» тұрады.

Көк тудың қадірі — кабинеттегі сөзбен емес, алаңдағы желбіреген күйімен өлшенеді.

Ендеше, Степняктағы жағдай — жай ғана техникалық ақау емес, рухани ақаудың да көрінісі емес пе?

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз