4.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтар«Таза Қазақстан» жайына қалды: Көкшетауда қалалық саябақты мал қораға айналдырып алған ба?

«Таза Қазақстан» жайына қалды: Көкшетауда қалалық саябақты мал қораға айналдырып алған ба?

Сондай-ақ, оқыңыз...

Қаланың қақ ортасында орналасқан «Бәйтерек» – атауы асқақ, халыққа қызмет етуге тиіс мәдени орын. Бірақ бүгінгі күйін көрген адам «бұл саябақ серуендейтін жер ме, әлде мал қора ма?» деп таңырқамай қоймайды, деп хабарлайды Esilnews.kz тілшісі.

Әр күн сайын осында жылқысын жаятын тұрғынның қылығы саябақты өз «жеке қорасына» айналдырып алғандай. Адамдарға арналған тас жолмен жылқы жайылып, артында үйілген тезегін қалдырады. Серуендеуге арналған саябақ тұрғындардың, қала басшылығының және жауапты мекемелердің жауапсыздығынан әп-сәтте жағымсыз иіс жайлаған бейберекет орынға айналып отыр.

Фото: Ақмола облысы әкімдігі

Мәселе мұнымен шектелмейді. Биыл жазда дәл осы саябақта дабырамен «Таза Қазақстан» атты акция өткен еді. Сол күні облыс әкімі өзі келіп, елдің көзінше ағаш отырғызған. Әкімнің күрек ұстаған суреті жергілікті ақпарат құралдарында кеңінен жарияланды. Бірақ арада көп өтпей, сол «тазалықтың нышанына» айналуға тиіс саябақ қоқыс пен мал тезегіне толып, былыққан күйге түсті. Сонда бұл науқан халық үшін жасалған шынайы іс болды ма, әлде тағы да көзбояушылықтың бір көрінісі ме?

Мәселе бұған дейін де бірнеше рет көтерілген. Жергілікті билік «бақылауға алынды» деп қысқа қайырған. Бірақ шын мәнінде, бақылау емес, бейқамдық үстем. Өйткені әлгі жылқының иесі әлі күнге дейін саябақта малын жайып жүр. Сонда тәртіп орнатуға дәрмен жоқ па? Әлде тұрғындардың даусы билікке жетпей ме?

Халықтың қалауы күрделі емес: саябақ ішінде жануарларды серуендетуге тыйым салатын белгілер қойылса, тәртіп бұзушыларға айыппұл салынса, ал бастысы – қаланың басты саябағы тазалық пен мәдениеттің шын мәніндегі орталығына айналса жеткілікті. Бірақ осы қарапайым талаптың өзі орындалмай отыр.

Саябақта итпен серуендеуге болмайды деген белгі тұр. Алайда, оны елеп жатқан адам жоқ. Өйткені, саябақта әкімдік тарапынан бақылау жоқ. Бұл немқұрайлық қала мәдениетінің деңгейін де, биліктің жауапкершілігін де көрсетіп тұрған жоқ па?

Қалалық саябақ – халық серуендейтін, ұрпақ тынығатын орын. Оны мал қораға айналдыру – тұрғындарға жасалған қиянат қана емес, елдің абыройына көлеңке түсіру. Бұл туралы жергілікті пабликтер де жариялап, жұрт наразылығын білдіріп отыр.

Еске сала кетсек, біз бұған дейін де «Президент сапарынан кейін тұрғындар қайтадан маскүнемдерге шағымдануда» деген тақырыппен мақала жариялағанбыз. Бірақ содан бері түбегейлі өзгеріс болмады. Баяғы жартас – сол жартас. Халықтың жанайқайы естілгенімен, нақты нәтиже шықпай, мәселе әлі күнге шешімін таппай отыр. Өкінішті, әрине…

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз