Ақмола облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылдың 23 шілдесінде сағат 03:00 минут шамасында айыпталушы Бурабай кенті Кенесары көшесі түнгі клубтың қасында автокөлігін алкогольдік масаң күйінде, Жол жүрісі қағидаларының 12-бөлігінің 2-тармағындағы құқық бұзушылықты жасап, басқарған.
Бурабай аудандық сотында өткен сот отырысында ер адам өз кінәсін мойындаған жоқ, алкогольдік ішімдіктерді ішпегенін, тек қана қымыз ішкенін айтқан.
Алайда, әкімшілік құқық бұзушылықтың мән-жайлары жол полициясы инспекторының баянатымен, автокөлікті масаң күйде басқарғандығы жөніндегі мән-жайларды дәлелдеу туралы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасымен, ер адамның алкогольдік масаң күйде екендігін анықтау туралы 2024 жылғы 23 шілдегі медициналық куәландыру қортындысымен, онымен оның танысып, оған ешқандай қарсылықтар келтірілмегендігімен, бейнежазбамен расталған.
Бұдан бөлек, сот отырысында зертелген бейнежазба бойынша, мас болу дерегін аңықтау үшін медициналық куәландыру жасаған кезде, дерігер қойған сұраққа ер адам сыра іштім деп, жауап берген.
«Сот қаулысымен ер адам Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 608-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды, оған осы бап бойынша 15 тәулікке қамаққа алу және 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ», — деді соттың баспасөз қызметінен.