-12.4 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарСу құбыры жарылды: сот тұрғынның құқығын қорғады

Су құбыры жарылды: сот тұрғынның құқығын қорғады

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысының Бұланды аудандық соты Макинск қаласының тұрғынының талабын қанағаттандырды.

2025 жылдың ақпан айында елді мекенде су құбыры жарылып, тұрғын үйді су басқан. Салдарынан үй апатты деп танылып, іргетас бүлініп, қабырғалар жарылған, ылғалдылық күшейген.

Сот «Макинск Жылу» ШЖҚ МКК-ның уәжін негізсіз деп тауып, су құбыры желілері жауапкердің меншігінде екенін және апат пен залал арасында тікелей себеп-салдарлық байланыс барын анықтады.

Сот шешімімен зардап шеккен азаматтың пайдасына 3 млн теңге (материалдық залал, бағалау және өкілдік шығындар) өндіріп берілді.

Шешім заңды күшіне енді.

Ақмола облысының Бұланды аудандық соты.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз