16.9 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарСтепногорск қаласында жаңа мектеп пен спорт сарайы бой көтереді

Степногорск қаласында жаңа мектеп пен спорт сарайы бой көтереді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Степногорск қаласында 1000 орындық жаңа жалпы білім беретін мектеп пен көпфункционалды спорт кешенінің құрылысы басталмақ. Бұл маңызды әлеуметтік жобалар Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың бастамасымен жүзеге асырылуда. Құрылысқа қатысты меморандумға Степногорск қаласының әкімдігі мен «АК Алтыналмас» акционерлік қоғамы қол қойды.

Құжатқа қол қою рәсімінде өңір басшысы жобалардың маңыздылығына тоқталып, әлеуметтік әріптестерге ризашылығын білдірді.

«Бұл өңір үшін маңызды әрі өзекті жобалар. Спорт сарайы тұрғындар үшін дене шынықтырумен айналысу ғана емес, өңірлік және республикалық деңгейдегі жарыстар өтетін заманауи алаңға айналады. Мемлекет басшысы атап өткендей, сапалы білім мен спортқа қолжетімділік – зияткер әрі дені сау ұрпақ қалыптастырудың негізгі іргетасы», – деді Марат Ахметжанов.

Өз кезегінде «АК Алтыналмас» АҚ басқарма төрағасы Баламир Маханов компания атынан құрылыс жұмыстарын сапалы және уақытылы орындауға толық дайын екендерін жеткізді.

«Бұл – өңірдегі ең ірі және ауқымды жобаларымыздың бірі. Бизнес ретінде әлеуметтік жауапкершілікті сезіне отырып, халықтың игілігіне бағытталған бастамаларға әрқашан үлес қосуға дайынбыз. Бұл нысандарды салуда компанияның тәжірибесі, ресурстары және ең үздік жобалық шешімдері пайдаланылатын болады, – деді ол.

Жалпы екі жобаның құны 22 миллиард теңгені құрайды. Компания өкілдерінің айтуынша, спорт сарайының жобалық-сметалық құжаттамасы әзір және құрылысқа арналған жер телімі де дайын. Сол себепті құрылыс жұмыстары алдағы күндері басталып, спорт кешені келер жылы пайдалануға берілмек. Жаңа нысанда әмбебап зал, бассейн, тренажер және арнайы спорт залдары, сондай-ақ жаттығу мен жарыс өткізуге қажетті инфрақұрылым қарастырылған.

Ал 2027 жылғы 1 қыркүйекте Степногорск қаласының оқушылары 1000 орындық жаңа мектеп табалдырығын аттайды. Заман талабына сай салынатын білім ордасында заманауи оқу кабинеттері, IT-орталық, спорт залы, мультимедиялық аймақтар мен жайлы білім беру кеңістігі қарастырылған.

Бұл жобалар – өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын нығайтып, жастардың сапалы білім мен спортқа қолжетімділігін қамтамасыз ететін маңызды қадам.

spot_img
spot_img
Мәселе
spot_img
Барлық мақалалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз