-2.5 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарСот балабақшадағы мемлекеттік сатып алу нәтижесін заңсыз деп таныды

Сот балабақшадағы мемлекеттік сатып алу нәтижесін заңсыз деп таныды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысының соты кәсіпкердің құқығын қорғап, мемлекеттік сатып алу нәтижесін қайта қарауды міндеттеді, деп хабарлайды Esilnews.kz сот материалдарына сілтеме жасап.

Даудың мәні
Іс ТОО «М.» мен ГККП «Балабақша» арасындағы мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысты болды. Байқау аясында 800 келі сиыр етін жеткізу көзделген.

Конкурсқа екі қатысушы – ТОО «М.» және ИП «Ш.» – қатысқан. Бағалау нәтижесінде ТОО «М.» 4 балл, ал ИП «Ш.» 5 балл алып, жеңімпаз ретінде жеке кәсіпкер танылған.

Нәтижемен келіспеген ТОО «М.» ұйымдастырушыға шағым түсірген. Бірақ комиссия шағымды қанағаттандырудан бас тартқан, себебі ол веб-портал арқылы түсуі керек деген уәж айтылған.

Сот не анықтады
Сот ұйымдастырушының шешімін заңсыз деп танып, конкурс нәтижесін қайта қарауға міндеттеді.

Сот шешімінде атап өтілгендей:

  • Ұйымдастырушы ТОО-ға 4 балл қоюдың нақты себебін дәлелдейтін құжат ұсынбаған;

  • ИП «Ш.» қой етімен жұмыс тәжірибесі үшін балл алған, алайда конкурс тақырыбы – сиыр еті болған;

  • Шағым формалды түрде қаралған, тараптар тыңдалмаған;

  • Заңға сай, шағым қаралғанша келісімшартты уақытша тоқтату керек еді, бірақ бұл талап орындалмаған.

Салдары
Сот ГККП «Балабақшаның» шешімін заңсыз деп танып, мемлекеттік сатып алу қорытындысын қайта қарауды міндеттеді.

Сонымен қатар, сот Ішкі мемлекеттік аудит департаменті мен Білім басқармасына жеке ұйғарым жолдап, жауапты тұлғалардың іс-әрекетін тексеріп, кінәлілерді жауапқа тартуды тапсырды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз