Бұл туралы шетелдік БАҚ жарыса жазуда. Иранның оппозициялық Irinn International телеарнасы Тегеранның шығысында «саңырауқұлақ тәрізді» тәзірді үлкен жарылыс болғанын көрсетті.
«Бұл соңғы бірнеше күндегі ең қорқынышты жарылыс болды. Жарық екі минут бойы жарқырай берді», — деді куәгер каналға.
Айта кетсек, бұған дейін Израиль қорғаныс армиясы шамамен 400 мың адам тұратын Иран астанасының 18-ші округінің тұрғындарын эвакуациялауға шақырған болатын.