1.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарҚұрылыстың «қуанышы» — қуысталған қабырға: Атбасардағы үйлер тағы да шу тудырды

Құрылыстың «қуанышы» — қуысталған қабырға: Атбасардағы үйлер тағы да шу тудырды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Атбасарда аудан тұрғындарымен өткен кездесуінде су тасқынынан зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлердің сапасына қатысты өткір мәселе қайта көтерілді. Тұрғындар мен билік арасындағы бұл диалогтың түйіні біреу — жаңа үйлердің сапасы сын көтермейді, деп хабарлайды Esilnews.kz тілшісі.

Былтырғы қоныс қуанышы бүгінде уайым мен наразылыққа ұласқан. Су кірген, қабырғасы сыз тартқан, жылуы әлсіз, жертөлесі суға толған үйлер — халықтың күнделікті өмірінің шындығына айналды.

«Егер жөндеу жұмыстары сапасыз жүргізілсе, төтенше жағдай жариялауға дейін барамыз. Әрбір кезең мен сапа бақылауда болуы тиіс. Мұндай жауапсыздыққа жол берілмейді», — деді өңір басшысы Ахметжанов.

Бұл сөздер әкімнің ашу үстінде айтылған ескертуі емес, жүйелі мәселенің айғағы іспетті. Себебі, дәл осы үйлердің құрылысына қатысты бұған дейін бірнеше лауазымды тұлғалар мен мердігерлер сотталған болатын. Бірақ, өкінішке қарай, жағдай қайталанып отыр.

Кездесуге келген тұрғын Айгүл Тлесова аймақ басшысына фото және бейнематериалдар түрінде дәлелдер дайындап әкелген. Алайда, ұйымдастырушылар оны әкімге тікелей жолықтырмаған.

Бұл жағдай кездейсоқ кедергі ме, әлде «ыңғайсыз сұрақтардан» қашу ма — белгісіз. Бірақ мәселенің өзі халыққа ауыр тиіп отыр.

Тұрғындардың уәжін тындаған Марат Ахметжанов облыстық құрылыс басқармасына он күннің ішінде шешім қабылдауды, қажет болған жағдайда төтенше жағдай жариялап, жөндеу жұмыстарына қаржы бөлуді тапсырды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Сотталды, бірақ мәселе шешілмеді: атбасарлықтар жаңа үйдің сапасына шағымдануда» тақырыбымен көзбояушылықтың құрбаны болған Атбасар қаласы тұрғындарының жанайқайы туралы мақала жариялаған едік.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз