Ауылда, бертінде, бесінде,
Мал қоралайтын кешінде.
Екі әйел «меншіктеп» эфирді
«Разборкаға» шығып ап лепірді.
Демеймін беттерін жыртысты
Әңгіме әуені бір түсті.
Ауылдың чатына кіріп ап
Өзгенің жүйкесін құртысты.
Ешқайсы жеңіліп, бұқпады.
Эфирде бір-бірін мықтады.
Бұл қылық басқаға ұнай ма?
Қымсынып ұялмады, ұқпады.
Нүркеш қой жанжалдан қашпаған
Жанжалға «поводты» тастаған.
Кейіпкер не деді тыңдайық
Нұркешті сөзді алғаш бастаған.
Нүркеш:
-Мадиярдың қойлары
Табынмен бағылмайды,
Жергілікті әкімдік
Қашан шара қабылдайды?
Қамар:
(Мадиярдың анасы)
— Бола қалыпсың белсенді
Бұл жерде жоқ атама!
Мадиярдың қойлары
Бір жеріңе бата ма?
Нүркеш:
Бағым көрмеген қойлары
Көше, ауланы кезеді.
Жүрген жерін ластайды
Сиып – тышып езеді….
Екі әйел салғыласып
Жарты сағат жалықпады,
Қой қоздырған «қотыр» ұрыс,
Эфир кезіп қалықтады.
Еріндерін шығарған жоқ
Көрсетпеді бармақтарын
Жатты айтылып бір талай сөз
Тізбейін мен тармақтарын.
Қойшыбай Шәниев – сатирик –ақын.
Қазақстан журналистер Одағының мүшесі Ы.Ыбыраев ауылы.