2.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарҚояндыда дүкен өртенді: өрт сөндіру көлігінің шлангісі қатып қалған

Қояндыда дүкен өртенді: өрт сөндіру көлігінің шлангісі қатып қалған

Сондай-ақ, оқыңыз...

Бүгін, 8 қараша күні таңғы сағат 08:30 шамасында Ақмола облысы Целиноград ауданына қарасты Қоянды ауылындағы «Қанағат» дүкенінен өрт шықты, деп хабарлайды Esilnews.kz.

Куәгерлердің айтуынша, тілсіз жау пеш жағу бөлмесінен басталып, кейін ғимарат сыртындағы контейнерлерге тараған.

Ауылдағы жалғыз өрт сөндіру көлігі оқиға орнына дер кезінде жеткен, алайда шлангісі қатып қалып, жалынды сөндіре алмаған.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, Қоянды ауылында өрт сөндіру көлігін сақтайтын жылыту боксы жоқ, сондықтан қыс мезгілінде техника жиі істен шығады.
Өртті Астанадан келген өрт сөндірушілер ауыздықтаған.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен келтірілген залал көлемі анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Қоянды: халық көп, қауіп көп — өрт сөндіру бекеті әлі жоқ» тақырыбымен мақала жариялаған едік.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз