26.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарМемлекеттен тұрғын үйді қалай алуға болады?

Мемлекеттен тұрғын үйді қалай алуға болады?

Сондай-ақ, оқыңыз...

Жауап: 2025 жылғы 24 мамырдан бастап «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар күшіне енді, оларға сәйкес тұрғын үйге есеп қою, кезектілікті жүргізу және бөлу функциялары жергілікті атқарушы органдардан ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне («Отбасы банк» АҚ) көшеді. Осы жаңалықтар шеңберінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға ҚР барлық азаматтары үміткер бола алады, егер:

1) бірыңғай республикалық электрондық базаға және «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған кезде олардың соңғы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғынжайы болмаса;;

2) тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған кезде және мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжай берген кезде олардың осы елді мекенде меншік құқығында тұрғынжайы болмаса;

3) тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған кезде және мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғынжай берген кезде олардың Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғынжайы болмаса;

4) есепке алуды осы тұрғынжайдың орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын олардың жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен авариялық деп танылса, тұрғынжайға мұқтаж деп танылады.

«Отбасы банк» АҚ тұрғын үй алуға мұқтаж деп танылған ҚР азаматтарын, қандастарды тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қоюды «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына енгізуді тұрғын үйге мұқтаждарды есеп алу қағидаларына сәйкес тіркелген тұрғылықты елді мекені бойынша https://orken.otbasybank.kz/ платформасы арқылы жүргізеді.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 74-бабына сәйкес, мұқтаждар арасында тұрғын үйді бөлу табыс деңгейіне және тұрғын үйге мұқтаждарды есепке қою күніне байланысты жүзеге асырылатын болады.

НҚА-ға сілтеме: «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 106 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 11 желтоқсанда № 33748 болып тіркелді.

spot_img
spot_img
Мәселе
spot_img
Барлық мақалалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз