-13.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарКейбір депутаттар халық алдындағы жауапкершілікті ұмытып кеткен сияқты

Кейбір депутаттар халық алдындағы жауапкершілікті ұмытып кеткен сияқты

Сондай-ақ, оқыңыз...

Парламенттегі кей депутаттар көрінбейді: тек 5–6 ғана белсенді жұмыс істейді, қалғандары не істеп жүргені белгісіз. Әлеуметтік желіде философиялық постар жазып, елдің ашуын туғызатындар да бар, деп хабарлайды Esilnews.kz тілшісі.

Әйтпесе, біреуі анасын құттықтап, біреуі АҚШ сенаторы сияқты мұхиттың арғы жағындағы мәселені талқылайды. Енді біреуі «жалобщиктер» деген тақырыппен пост салып, әлеуметтік және тұрмыстық мәселелері бойынша биліктің табалдырығын тоздырған қара халықты келеке етіп отырғандай әсер қалдырады.

Мұндай әрекеттер халықтың сенімін түсіреді. Сондықтан депутаттардың әлеуметтік желідегі постары мен әр сөзіне талдау жасайтын уақыт келген сияқты. Депутаттар тек сөз емес, нақты ісімен халық үшін жұмыс істейтінін дәлелдеуі керек. Жыл қорытындысы бойынша әр депутат сайлаушылары алдында БАҚ беттерінде, тікелей эфирде, әлеуметтік желілерде есеп беруі тиіс. «Сен тимесең, мен…» күні өткен.

Өз міндетін орындамаған депутаттардың мандаттарын қайтару механизмін енгізу – сенімді қалпына келтіретін бірден-бір жол. Халық қалаулылары жауапкершілікті сезінуі керек.

Оқырман, Сіз не дейсіз? Пікіріңізді қалдырып, достарыңызбен бөлісіңіз!

«Esilnews.kz» алдағы уақытта осы мәселе бойынша толық сараптама мақаласын жариялайды.

Айта кетсек, бұдан бұрын «Депутатқа халықтың жағдайынан гөрі АҚШ президенттерінің ғұмыры маңызды болғаны ма?» тақырыбымен мақала жариялаған едік.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз