Басты бетЖаңалықтарКөкшетауда жел медбикені ұшырып жібере жаздады

Көкшетауда жел медбикені ұшырып жібере жаздады

Сондай-ақ, оқыңыз...

Көкшетаудағы қатты жел күтпеген жағдайға себеп болды. Әлеуметтік желілерде тараған видеода ақ халат киген медбике қатты желдің екпініне төтеп бере алмай, бірнеше метрге сырғып барып құлап қалғаны көрінеді.

Оқиға қаладағы ауруханалардың бірінің аумағында болған. Видеода жүгіріп бара жатқан медицина қызметкерін кенеттен соққан жел екпіні жерге құлатып жібереді.

Дегенмен әйел адам бірден орнынан тұрып кеткен. Оның жағдайы қалай екені және ары қарай не болғаны әзірге белгісіз.

Қалада 11 наурыз күні желдің күші айтарлықтай күшейіп, соңы ақтүтік боранға ұласып, тұрғындарға қиындық туғызды.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз