0.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарКөкшетаудағы М.Ғабдуллин көшесі: тұрғындар күткен жол биыл да пайдалануға берілмейді

Көкшетаудағы М.Ғабдуллин көшесі: тұрғындар күткен жол биыл да пайдалануға берілмейді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Көкшетау қаласының тұрғындары үшін көкейкесті мәселеге айналған М.Ғабдуллин көшесінің құрылыс жұмыстары биыл аяқталмайтын болды. Төрт жылдан бері жалғасып келе жатқан жөндеу жұмыстарының созбалаңға түсуі жұртшылықтың наразылығын тудырып отыр.

Аталған көше бойында №6 мектеп, балабақшалар, коррекциялық орталықтар және көпқабатты тұрғын үйлер орналасқан. Бұл жер – күнделікті қозғалысы қарқынды аумақ. Жолдың жөнделмеуі жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілеріне айтарлықтай қиындық келтіруде. Қала ішінде ой-шұңқырдан амалдап жол тапқан жүргізушілердің кейбірі тұрғын үйлердің ауласына түсіп жүр. Мәселен, «Табыс» дүкені маңындағы аула жолы бүгінде амалсыздан негізгі көлік қозғалысына айналған. Бұл, өз кезегінде, тұрғындардың қауіпсіздігіне де әсер етуде.

Осы түйткіл «Аманат» партиясының отырысында талқыланды. Ақмола облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Владимир Кулаковтың айтуынша, жұмысты жалғастыру үшін қосымша 750 миллион теңге қажет.

Алайда қала халқы жыл сайын айтылатын түрлі уәждерден жалыққанын айтады. Жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылуы тұрғындарды әбден шаршатқаны байқалады.

Көкшетау жұртының тілегі – созбалаңға салынған бұл құрылыс жұмыстарының нақты мерзімде аяқталып, көшенің толық пайдалануға берілуі. Өйткені жол – елдіктің, тәртіптің айнасы. Жай ғана асфальт емес, тұрғындардың күнделікті тіршілігіне тікелей ықпал ететін маңызды игілік.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Көкшетаудағы тұрғын үй ауласындағы және мектеп маңындағы гараждар: балалар мен тұрғындарға жайсыздық туғызуда» тақырыбымен мақала жариялаған едік.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз