-2.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарКөкшетаудағы ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған орталық басшысыз қалды

Көкшетаудағы ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған орталық басшысыз қалды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Көкшетаудағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» бір жарым айдан бері басшысыз отыр. Тек басшы ғана емес, орынбасары мен бас бухгалтері де қызметтерінен кеткен. Бұл не себептен? Тексерулердің салдары ма, әлде өзге бір жағдайлар әсер етті ме – әзірге белгісіз, деп хабарлайды Esilnews.kz.

Орталықтағы күтпеген өзгерістер ата-аналардың алаңдаушылығын туғызып отыр. Себебі мұнда алпысқа жуық мүмкіндігі шектеулі бала тәулік бойы тәрбиеленіп, ем қабылдайды. Ал мекемеде заңгер де жоқ, сондықтан ұжым мен балалардың мүддесін қорғайтын ешкім қалмаған.

Бұған қоса, бухгалтер болмағандықтан жалақыға қатысты құжаттар толтырылмаған. Демек, қызметкерлер еңбекақысын уақытылы ала алмай қалуы мүмкін. Бұл өз кезегінде мекеменің қалыпты жұмысын одан әрі қиындатады.

Айта кетерлігі, аталған орталыққа бұған дейін де түрлі тексерулер жүргізіліп, ата-аналар тарапынан шағымдар түсіп отырған. Сотқа дейін жеткен жағдайлар да бар.

Енді басты сауал – балалардың тағдыры кімнің қолында? Қамқорлықтағы балалардың қауіпсіздігі мен құқығын кім қорғайды?

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз