Көкшетаудағы «Аяла» мен «Арай» балабақшаларының аумағында жүрген жыртқыштарды ата-аналар видеоға түсіріп, бір-біріне жолдап әлек. Балалар қорқып, ата-аналар алаңдап отыр, деп хабарлайды Esilnews.kz тілшісі.
Қорқатын жөні бар. Өйткені бұған дейін Ақмола облысында екі адамды түлкі тістеп алғанын жазған едік. Зардап шеккендердің бірі аудандық ауруханаға өзі барып, түлкі тістеген аяғын көрсетсе, ал екіншісіне құтыруға қарсы вакцина болмай қалды. Сол оқиғалардан кейін де балабақша ауласына кіріп кеткен жабайы аңнан тұрғындар қорқа бастады.
Ата-аналар мен тәрбиешілердің жалғыз «қорғанысы» – смартфон. Фото мен видео бар, ескерту бар, ал нақты әрекет жоқ. Балабақша ауласы — эксперимент алаңы емес. Мұнда мемлекет баланың қауіпсіздігіне кепілдік беруге міндетті. Бірақ әзірге кепілдік жоқ, тек бейнежазбалар ғана бар.
Ең қорқыныштысы — биліктің шарасыздығы.
«Түлкінің тістегенінен гөрі, жауапты органдардың шарасыздығы қауіптірек болып тұр», – дейді редакциямызға хабарласқан тұрғындар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram





