24.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарКөкшетауда бюджет қаржысына салынған көше жарық шамдарының сымын «колхозный» әдіспен жалғап қойған

Көкшетауда бюджет қаржысына салынған көше жарық шамдарының сымын «колхозный» әдіспен жалғап қойған

Сондай-ақ, оқыңыз...

Өткен жылы Көкшетаудағы Абылай хан даңғылында жаяулар жолының бойында жарық шамдары мен бағандары жаңартылды. Ондаған жылдар бойы жөндеу көрмеген жарық шамдарының жаңартылуына тұрғындар қуанды.

Алайда, тұрғындардың қуанышы көпке бармады. Жарты жыл бұрын орнатылған көшенің жарық шамдары кепілдік мерзімі өтпей жатып, шашылып қалудың аз ақ алдында тұр.

Оқырмандарымыз жіберген фотосуреттерден бюджеттің қомақты қаржысына салынған жарық шамдарының сапасы қаншалықты төмен екенін байқауға болады.

Кейбір жарық бағандары жанбайды, ал кейбір бағандары қисайып құлағалы тұр. Енді біреулерінің сымдарын «колхозный» әдіспен жалғап қойыпты).

«Бұл жерден жаяулар жүреді, велосипедшілер өтеді және балалар ойнайды. Ертең біреу тоққа түсіп қалса, кім жауап береді. Әрбірден соң, бұл бюджеттің қаржысына салынған нысан. Бұл не сұмдық?! «,  -дейді қала тұрғыны Қайырбек Малғаждаров.

 

spot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз