1.3 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарКөкшетауда көпқабатты үйдің кірпіші құлап жатыр – тұрғындар алаңдаулы

Көкшетауда көпқабатты үйдің кірпіші құлап жатыр – тұрғындар алаңдаулы

Сондай-ақ, оқыңыз...

Көкшетаудағы «Сарыарқа» шағын ауданында орналасқан бірнеше көпқабатты үйдің қабырғасындағы кірпіш опырылып, жерге құлап жатыр, деп хабарлайды Esilnews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде тараған видеода Сарыарқа 6/3, 6/4 және 6/5 нөмірлі үйлердің қасбетінен кірпіштердің бөлініп түсіп жатқаны анық көрінеді. Тұрғындардың айтуынша, мәселе тұрғын үй пайдалануға берілген алғашқы жылдардан бері шешілмей келеді.

Бұған дейін қала әкімдігі мердігер компанияны жауапқа тарту немесе жөндеу жұмыстарын өз күшімен атқару туралы уәде берген. Алайда бірнеше жыл өтсе де, нәтиже байқалмай отыр.

Дәл осындай жағдай өткен жылы Центральный шағын ауданында да тіркелген. Онда мемлекеттік бағдарлама аясында салынған жаңа үйдің кірпіш қаптамасы опырылып түскен еді. Сол үй әлі күнге дейін қаңылтыр қоршаумен тұр. Тұрғындар оның балалар үшін қауіпті екенін айтады.

Қала әкімдігі аталған жағдай бойынша қандай шара қолданады екен. Әлде тағы да бәрін қаңылтыр қоршаумен шектей ме?

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Атбасарда аудан тұрғындарымен өткен кездесуінде су тасқынынан зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлердің сапасына қатысты өткір мәселе қайта көтерілгенін жазған едік.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз