1.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарКөкшетау маңында жол апатынан 16 жастағы қыз көз жұмды

Көкшетау маңында жол апатынан 16 жастағы қыз көз жұмды

Сондай-ақ, оқыңыз...

26 қыркүйекте «Астана–Петропавл» тас жолының 289-шақырымында ауыр жол апаты болды. Hyundai Santa Fe көлігі мен КамАЗ-55111 соқтығысты, деп хабарлайды Esilnews.kz тілшісі.

Қатты соққы салдарынан Hyundai көлігінің 16 жастағы жолаушысы жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды. Сондай-ақ 65 жастағы жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Полиция департаменті жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтау және көлік құралдарының техникалық жағдайын қатаң қадағалау қажеттігін ескертеді. Әсіресе қозғалысы қарқынды жол учаскелерінде сақ болу маңызды.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз