Жауап: Ауыл шаруашылығы өндірісі үшін жер учаскелері конкурс арқылы жалға беріледі (ҚР Жер кодексінің 43-1-бабы). Қатысу үшін жергілікті әкімдікке өтініш беріңіз. Оны: жеке өзіңіз ХҚКО, eGov.kz (электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда) порталы арқылы істеуге болады.
НҚА-ға сілтеме: Осы «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабындағы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.