Халық блогерлерден неге бет бұрды?

Жыл тоғысына да келіп қалдық. 2024 жыл қазақстандықтар үшін соншалықты есте қаларлықтай дүбірлі оқиғаларға толы болмаса да, біршама тыныш және бейбіт жыл болды.  Рас, жыл басында болған су тасқындары еліміздің бірқатар өңірлерінде орын алып, біраз халықты әбігерге салды. Дегенмен де, соңы жақсылықпен бітіп, үйлерінен айрылғандар жаңа баспаналы болып, қуанышқа кенелді. Атап өту керек, соғыс болып жатқан іргеміздегі ресейліктер де сол тұста су тасқынынан зардап шегіп, көп адамдар үйлерінен айрылған еді. Бірақ, олар үкімет тарапынан еш жәрдем алмай, қиындықтарын өздері шешулеріне тура келді. Елдің елдігі де сондай ауыр шақтарда көрінеді, қуанарлығы мемлекет тарапынан су тасқынынан зардап шеккендердің бір де бірі назардан тыс қалмай, көмек алды.

Көктемгі су тасқыны туралы айтқанда, баспаларынан, мүліктерінен айрылып, қиындыққа тап болған отандастарымызға сол кезде барша қазақстандықтар болып қол ұшын беріп көмектескен еді. Бірақ та, халық жинап берген көмектің табиғат апатынан зардап шеккендерге жетпей жатқаны туралы сол тұста жекелеген ақпарат құралдары айтып, жазды. Десе де, оған ешкім онша назар аудармаған. Ал таяуда ғана «Біз біргеміз» деген қайрымдылық қор құрып, су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатқандары туралы барлық ақпарат құралдарынан жалпақ жұртқа жариялаған блогер Перизат Қайраттың қайрымдылыққа жиналған 2 млрд теңгені жымқырғаны белгілі болды. Апаттан зардап шегіп, қиналған халыққа барлық қазақстандықтар хал-қадерлерінше көмек көрсеткен еді. Ал блогер болса, сол жиналған көмекті қалтасына басып, қымбат сөмкелер мен автокөлік, пәтерлер алған. Оның үйін тінту барысында табылған бағалы заттардың көптігі сонша, үйі қоймаға айналған бар дейсің.

Әнші жұлдыздар мен блогерлерге деген қарапайым халықтың  ашу-ызасының  жанартаудай атылатын шағын жақындатқан  жайлар сол көктемгі су тасқыны кезінде-ақ көрінген. Қарапайым халық апаттан зардап шеккендерге қол ұшын беріп, жан-жақтан көмек қолын созып жатқанда халықтың арқасында байыған жұлдыздар мен блогерлер бұл дүбірлі шарадан мүлдем сырт қалды. Жалғыз Димаш Құдайберген ғана апат аймағына барып, зардап шеккендерге қолдау көрсеткен еді.

Биыл қазан айында Талғарда болған қанды оқиға жұртшылықты дүрліктіріп, халық арасында үлкен пікір туғызған болатын. 16 жастағы бозбала Шерзаттың өлімі қарапайым халықтың  елімізде әділеттік барлығына деген сенімін азайтып, Талғарда халық наразылық шеруін де ұйымдастырды. Халықтың қысымымен бұл істі Бас прокурор назарына алып, қылмыстық істі жүргізу дұрыс бағытқа түскендей болған. Міне, осындай халықтың назарындағы үлкен істің басы-қасында халық ішінен шыққан белсенділер жүрді, тағы да блогерлер сырт қалды. Бұл да жұртшылықтың блогерлерге деген ашу-ызасын арттыра тсүкендей болды.

Мыңдаған, миллиондаған оқырмандары бар блогерлер сол оқырмандарының арқасында жарнамадан күреп ақша табады және халықтан түрлі жобаларға деп ақша жинап, әртүрлі күмәнді тренингтер мен курстарды сатып, табыс тауып жатады. Байлыққа белшеден. Батқан сондай блогерлердің шектен шыққан істерін көргенде, жағаңды ұстайсың. Мәселен, биыл жазда бір блогер итінің туған күнін тойлап, соны әлеуметтік желілер арқылы барша халыққа мақтанышпен таратты. Тағы бір блогер әйелінің туған күнін дүркіретіп тойлап, Дубайда демалып жатқан бір ресейлік жұлдызды қыруар ақша беріп шақыртып, тойында ән салдырған. Алған қымбат көліктерін, үйлерін, киімдерін көрсетіп, қай жақта қалай демалып жатқандарын егжей-тегжейіне дейін жариялап отыратын блогерлер қарапайым халықтың мүддесін көздеріне ілмейді. Сол халықтың арқасында сонша ақша тауып жатқандарын мүлдем қаперіне алмайтын сияқты.

Осы жайлар ашу-ызаға тиген болуы керек, күні кеше  жұртшылық арасында блогерлердің оқырмандарының жаппай жазылудан бас тарту акциясы басталды. Мыңдаған, милиондаған адам блогерлердің парақшаларынан бас тартып, оқырмандықтан кетті. Сол қалың оқырманның арқасында қыруар ақша тауып жүрген блогерлер үшін бұның айтарлықтай ауыр соққы болғаны анық. Кейбіреулер жанталасып суға кеткен тал қармайдының кебімен Талғардағы оқиғаға қатысты пікір білдірген болып жатыр. Оқырмандарынан кешірім сұрап, алдағы уақытта олқылықты жөндейміз дегендер де бар. Десе де, блогерлерден әбден көңілдері қалған халық олардан жаппай бас тартып, оқырмандықтан шығуда. Ал блогер Перизат Қайраттың халықтан жиналған көмекті ұрлап, қалтасына басуы жұртшылықтың оларға деген сенімін мүлдем жойғандай болды.

Аяқталғалы тұрған 2024 жылдағы ең есте қаларлық оқиға да осы блогерлерден, әнші жұлдыздардан халықтың жаппай жүзін бұрып, теріс айналуы десе артық айтқандық болмас. Халықтан  алыстап кеткен Назарбаев билігінен көңілі қалған жұрт енді халық мүддесіне қызмет етеді деп үміттенген блогерлерден де теріс айналып жатыр. Оның ақыры немен бітерін уақыт көрсетеді.

Қалкөз Жүсіп.

 

 

ТОП-5

Декларация тапсырудан кімдер босатылады?

Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың 4-кезеңінен босату жөніндегі тұжырымдаманы қайта...

Талғардағы оқиға барша қазақстандықтарды алаңдатуда

Қазан айының басында  Алматының іргесіндегі Талғар қаласында  орын алған...

Ресей мен Украинаның арасында бейбіт келісім бола ма?

Украинадағы қанды қырғын соғыстың жүріп жатқанына үш жылдай уақыт...

Бөліп-жарып билеу тәсілі жалғаса бере ме?

Қазақ елі үш ғасырдан астам уақыт Ресейдің боданы болып...

Қазақстан үшін Ресей сенімді әріптес пе?

Күні кеше өткен Ресей президенті Путиннің Қазақстанға іссапарына қатысты...

Жаңалықтар

Декларация тапсырудан кімдер босатылады?

Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың 4-кезеңінен босату жөніндегі тұжырымдаманы қайта...

Талғардағы оқиға барша қазақстандықтарды алаңдатуда

Қазан айының басында  Алматының іргесіндегі Талғар қаласында  орын алған...

Ресей мен Украинаның арасында бейбіт келісім бола ма?

Украинадағы қанды қырғын соғыстың жүріп жатқанына үш жылдай уақыт...

Бөліп-жарып билеу тәсілі жалғаса бере ме?

Қазақ елі үш ғасырдан астам уақыт Ресейдің боданы болып...

Қазақстан үшін Ресей сенімді әріптес пе?

Күні кеше өткен Ресей президенті Путиннің Қазақстанға іссапарына қатысты...

Апостиль электрондық қызметін қалай жылдам алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа мемлекеттің...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен...

Трамптың билікке келуі Ресейге тиімді ме?

АҚШ-тағы президент сайлауы барша әлем елдерінің назарында болды десек,...
spot_img

Сондай-ақ, оқыңыз...

Танымал айдарлар

spot_imgspot_img