Есімі халқына ұран болған: колледж студенттерінің әскери-патриоттық сайысы өтті

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ ұйымдастыруымен Қазақ халқының хас батыры, Халық қаhарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай «Есімі халқына ұран болған» атты колледж студенттері арасында әскери-патриоттық сайыс өтті.

Сайыстың мақсаты – өскелең ұрпақтың еліне деген сүйіспеншілігін ояту, сонымен қатар, жоғары патриоттық сананы, өз Отанына деген адалдық сезімін қалыптастыру мен жастардың дене даярлығын, спорттық шеберліктерін арттыру.

Аталмыш сайысқа Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Жандәулет Қылышбаев, Ауған соғысының ардагері Жанатай Құсайынов , Көкшетау қ. №1 арнайы мектеп-интернатының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, запастағы лейтенант, қазылар алқасының төрағасы Қайрат Шамекешев, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, 2-ші дәрежедегі сержант Әсет Шоқаев, № 5 «Таңдау» мектеп- гимназиясының алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Игорь Квачадзе, Ақан Сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің директоры Саян Мұхамедияр, «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ төрағасы Марат Қойшин, Ақмола облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Дастан Ермеков, зиялы қауым өкілдері, қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері, Ж. Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің, Жоғары “Арна” колледжінің, Ш. Уәлиханов атындағы КУ жанындағы көпсалалы және Жоғары техникалық колледждерінің студенттері қатысты.

Жүлделі бірінші орынды Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледж алса, екінші орынды Жоғары техникалық колледж, ал үшінші орынға Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледж жайғасты.

Сондай-ақ, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы мен «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің атынан қатысқан топтарға ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Бұндай ел жастарына үлгі-өнеге әрі рухани азық болар тағылымды іс-шаралар өз жалғасын таппақ.

Hot this week

Талғардағы оқиға барша қазақстандықтарды алаңдатуда

Қазан айының басында  Алматының іргесіндегі Талғар қаласында  орын алған...

Ресей мен Украинаның арасында бейбіт келісім бола ма?

Украинадағы қанды қырғын соғыстың жүріп жатқанына үш жылдай уақыт...

Бөліп-жарып билеу тәсілі жалғаса бере ме?

Қазақ елі үш ғасырдан астам уақыт Ресейдің боданы болып...

Қазақстан үшін Ресей сенімді әріптес пе?

Күні кеше өткен Ресей президенті Путиннің Қазақстанға іссапарына қатысты...

Апостиль электрондық қызметін қалай жылдам алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа мемлекеттің...

Topics

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен...

Трамптың билікке келуі Ресейге тиімді ме?

АҚШ-тағы президент сайлауы барша әлем елдерінің назарында болды десек,...

Украина өз ядролық қаруын жасай ма?

Өткен аптада интернеттік ақпарат желілерінде талқыланған ең өзекті мәселе...
spot_img

Related Articles

Popular Categories

spot_imgspot_img