13.4 C
Kokshetau

Елорда — елдің жүрегі

Сондай-ақ, оқыңыз...

6 шілде — халқымыздың тарихындағы маңызды мерекелердің бірі. Бұл күні бүкіл ел
Қазақстанның жүрегі, асқақ арманға айналған — Астананың туған күнін атап өтеді.
Елордамыз — тәуелсіздіктің символы, жаңғыру мен болашаққа деген сенімнің айнасы.

Астана — тек сәулетті ғимараттар мен заманауи технологиялар қаласы ғана емес. Ол
— бейбітшілік пен келісімнің, бірлік пен достықтың орталығы. Бүгінде бас қала мәдениет, ғылым, саясат және экономиканың ірі орталығына айналды. Мұнда мыңдаған қазақстандық өз армандарына қанат бітіріп, жаңа өмір бастауға келуде.

Елорда тарихы 1997 жылдан басталады. Сол жылы Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен елорданы
Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы тарихи шешім қабылданды. 1998 жылы қалаға
«Астана» атауы беріліп, халықаралық деңгейде таныла бастады. Қазіргі таңда Астана — түрлі жаһандық саммиттер мен халықаралық маңызды кездесулер өтетін бейбітшілік алаңы.

Есілдің жағасында бой көтерген Бәйтерек монументі, «Хан Шатыр», «Бейбітшілік
және келісім сарайы», «Әзірет Сұлтан» мешіті сынды сәулет туындылары — қаланың
ерекше келбетін қалыптастырады. Сонымен қатар, жасыл белдеулер, кең даңғылдар мен заманауи тұрғын аудандар Астананы болашақтың нағыз символына айналдырды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Назарбаев
айтқандай: «Астана — Қазақстанның жүрегі, ол елдің басты мақтанышы және келешекке сенімнің символы».

Бүгінде Астанада мерекелік концерттер, спорттық жарыстар және түрлі мәдени іс
шаралар ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл күй сыйлауда.

Бұл мереке — әрбір қазақстандықтың жүрегінде мақтаныш сезімін оятатын күн.
Астана күні — елдің бірлігін, татулығын және бейбіт өмірін дәріптейтін ортақ
мереке. Қаламыз көркейіп, халқымыздың іргесі берік болсын!

Астана күні құтты болсын!

Нұрай Ерланқызы Биданова.

spot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз