0.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарDamuMed-тегі жалған зерттеулер ісі: поликлиника басшысы жауапқа тартылды

DamuMed-тегі жалған зерттеулер ісі: поликлиника басшысы жауапқа тартылды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Алматы қаласында №10 қалалық поликлиниканың директоры қызметін атқарған Гүлнар Қалыбекова мен ТОО «АкваЛаб» компаниясының өңірлік директоры Меруерт Баймұхамбетова пара алу және беру дерегі бойынша жауапқа тартылды. Бұл жөнінде істің егжей-тегжейін журналист Михаил Казачков жария етті, деп хабарлайды Esilnews.kz.

Тергеу материалдарына сәйкес, поликлиника 2025 жылдың басында ТОО «АкваЛаб» және ТОО «OpenHealthcare Kazakhstan» ұйымдарымен диагностикалық және лабораториялық қызметтер көрсету туралы келісімшарттар жасаған. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде көрсетілген қызметтердің барлығы «DamuMed» электронды медициналық жүйесінде тіркелуі тиіс болған.

Алайда зерттеулердің нақты орындалуы мен жүйеге енгізілген деректердің арасында сәйкессіздік анықталған. Тергеу нұсқасына сай, медициналық мекеме директоры зертханаларға артық көрсеткіштерді тіркеуге мүмкіндік беріп, оның есесіне мемлекеттік тапсырыс көлемінен 15 пайыз көлемінде пара алып отырған.

Пара қаражаты екі компания тарапынан да жеткізіліп тұрғаны анықталған. Күдіктілер қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сот барысында өз кінәларын толық мойындады.

Сот үкімі бойынша: Гүлнар Қалибекова мемлекет кірісіне 65 млн теңгеден астам айыппұл төлеуге міндеттелді; «АкваЛаб» өңірлік директоры Меруерт Баймұхамбетова 24 млн теңгеге жуық айыппұл төлеуі тиіс.

Ал екінші лаборатория өкілі іс бойынша куәгер ретінде өткен болуы мүмкін.

Сонымен қатар мамандар азаматтарға өздерінің DamuMed жүйесіндегі жеке аккаунттарын тексеріп, белгісіз немесе расталмаған зерттеулердің бар-жоғын назардан тыс қалдырмауға кеңес береді.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз