Өткен жолы Ерейментау ауданына «БасБи»-ді тағайындады, сайланған жоқ. Негізінен би тағайындағаннан гөрі, халық боп сайлағанымыз дұрыс шығар. Иә, әңгіменің тоқетеріне тоқталайық «Ескі Қазақстанның» кадрлары Президент «Жаңа Қазақстан» құрып Әділеттілікті алғышарт ретінде қолға аламыз деп жатқанда, түрлі қоғамдық ұйымдар пайда бола бастады. Баяғы «нұр»-мен басталып нұр-мен түйінделетін «НұрОтан» партиясының қатарында болған экс-әкім-қаралар, экс- депутаттар, жаңадан пайда болған түрлі ұйымдардың бас-қасында боп басшы боп тағайындалып жатыр, әб бәрекелді!
Әрине бәрі бірдей халыққа жағымсыз персонаж деуден аулақпыз. Отаным. Елім дейтіндер бар арасында.
***
Отыз жылдан бері «әу!» деп халықтың мұң мен мұқтажын айтпаған тек қара бастары үшін қызмет атқарғандар аяқ астынан мың құбылып тағы да шыға келді. Жарай-ды делік. Шықсын..! Белсенді болсын! Бірақ жасаған істерін ұмытып тіпті «ол бос әңгіме …»-деп айтып отырғандарына қарағанда, қар жауды із басылды, жаңа заманға сай құбыла саламыз дейтін шығар? Баяғы түске дейін қызыл, түстен кейін түсін өзгертіп ақ бола салам деген сайқымазақ кинодағы образдар осындай еске түседі екен.
Анар Қызыкенова әріптесімізбен сұхбаттасып, Ерейментау елінің қазіргі БасБиі Ербол Дүйсен жайлы әңгіме өрбіттік. Әрине,Ерболды былай танымаймыз. Бірақ баяғыда ауыл әкімін жұдырықтың астына алып, депутаттық мандатын асыра пайдаланғандығын естігенбіз, БАҚ дүбірлетіп жазған-ды. Архивті қопарып оны да тауып алдық.
Әкім мен депутаттың арасындағы жұдырықтасу туралы ақпарат қостілде өріп жүр. Бұған арнайы жеке тоқталамыз. Қазір емес-алдағы күндері.
Иә, кеше Ерекең, (Анар Қызыкенованы дәмханасынан қуып шыққандығы жайлы) «чат группаға» өзінің «бұл істі қашан болғандығын білмейтіндігін» айтып хабарлама таратты. Елді бірлікке шақырды. Шақырсын! Әрине бір ауданның «БасБиі» болған соң бірлігі мен тірлігін жарастыруы дұрыс-ақ! Бірақ, біздің қоғамда төртінші биліктің өкілі боп саналатын қалам ұстап, елдің мұң-мұқтажын айтып жүрген жандарды қорғауды емес-қудалауды, сосын «сөзін өтірікке жаңсақтыққа шығаруды» әдетке айналдырып алған. Мұндай сәтте ақиқаттың «ақ берені» атанып жүрген журналисттер қауымы «жалғыз қалып» үні бәсеңдейтіндігі жасырын да емес. Бірер журналистер жазып, әріптестерін әркімнің қолында көкпарға айналмаса деп қорғап жатады. Бұған да шүкір!.. Үнсіз қалатындар да бар.
Ерейментау-дың аты дүрдей Ербол Дүйсен мырзасы баяғы ескі ғадетке «Нұратасы» я Нұрағасы салып берген ескі соқпақтан арыла алмай жүр білем. Мұндайда жарықтық біздің жақтың аузы уәлі, сөзі дәрі қариялары айтушы еді «адамның азуы сұмдық өткір, іші одан да қауіпті» деп. «Бұл оқиға менің есімде жоқ!..» деп қысқа қайырыпсыз!
Ерекең һәм БасБиіміз ұмытып қалмасын деп Анар Қызыкенова әріптесіміздің суретін де салдық. Әлде Ерекең өзінің құрығының ұзындығына сеніп жарты-Құдай боп пенделігіне басып қолды бір сілтеп отыр ма!? Әй солайы-солай-ау! Я болмаса көзіңізді шел басқан!
Жарымжан жанды дәмханасынан қуып шыққан адам қалайша депутат болды? Қалайша халық сайлады?
Әрине, әлі күнге дейін мещандық, бейшаралық капиталистік системаға қалыптастырған назарбаевтық жүйенің ықпалының көші үзілген жоқ, қайта күшейіп келе жатқан сияқты. Әйтпесе «Би тағайындағыштар» алдымен тағайындайтын Би-лерінің кім екендігін толық зерттеп, халықтан біліп алуы керек еді! Сосын барып халық сайласа, хұп еді!
Билер институтын қалыптастыру үшін еліне сөзі жүретін, ықпалы бар, айтары мол жандарды тағайындап емес-халық боп сайлауы керек. «Түпкі сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деген атам қазақ. Со-нау Шыңғыс ханның заманында Майқы Би жарықтық БасБи болып данагөй боп, тарихта қалды. Ал қазіргі Билер қалай тарихта қалмақшы?
Дәмханасынан нәзік жанды қуып шықты деп пе? О Құдай-ау!
***
Ахмет Байтұрсынов пікірімен айтқанда, «әділ билердің қолындағы билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын таптырмас дәрі еді». Қазір кімнің сөзін дәрі қыламыз? Баяғы «НұрОтан» партиясының эксдепутаттарының сөзін бе? Қазір мына кісі назарбаев дәуірінде осындай бәленше деген депутат еді қазір «Би» деп көріңізші. Мырс етіп, үлкен түгіл, баланың өзі сенбейді, келемеж етеді.
Қазақтың БИ-і қандай болуы керек?
1. сөзінде тұратын,
2. өз ісіне адал,
3. әділдікті сүйетін,
4. халықшыл,
5. елге жаны ашитын,
6. кісі сыйлайтын,
7. халыққа қамқор жан ғана менің ойымша «БИ» болуға лайықты.
Өзінің қарындасы Анар Қызыкенова ханымды дәмханасынан менсінбей қуып шыққан Ербол Дүйсен мырза, сол бір уақытты, сәтті ұмыттым деп айтып отырғандығына қарағанда сәл қартайған-ау. Әу Ереке, қазақта сөз бар «одыраңдама өткенді ұмытпа» деген. Сіздің байлығыңыз, малыңыз, шаруашылығыңыз, дәмханаңыз бәрі де бір Құдайдың еншісінде. Уақытша ғана –құбылыс! Мен үшін әріптесімнің құқы қымбат!
Деміне нан піскен талайы алдымызға кеп жүр. Ісіне, жасаған харекетіне өкініп!!!
Маған десеңіз бір ауданның емес-тұтас республиканың БасБиі болыңыз! Бірақ аталы сөзге тоқтап «иә осындай жағдай болып еді…ұят болды»,-десеңіз онда әңгімеміз жарасып, сөзіміздің бір байламы шығар еді-ау!
P.S Анар Қызыкенова ханымның берген сұхбатынан кейін «Би» тағайындаушылар тарапынан ешқандай ресми жауап берілген жоқ. Айтылды, жазылды. Қалды деп отырған болар!?
Осыдан-ақ, біздегі билер институтының қалай қалыптасып жатқандығын көріп отырмыз. Айтпақшы Ербол Дүйсен мырза қазақтың Бас Шаһары-Астанадан тағы бір қарындасым хабарласып жатыр. Айтары бар екен. Айтсын. Бишігі бар БИ-сіз ғой. Бәлкім бұл оқиға есіңізде шығар? Болмаса сол күнді алдағы уақытта есіңізге саламыз!
Бүйтіп «Би» тағайындағандарыңыз қызық болды-ау!
Өзіңізге хат жазып отырған, Бурабайдың Жеңісі.
Жауап беру, бермеу өз еркіңізде!
МЕН ҮШІН ШЫНДЫҚ, БАСТЫ БАҒЫТЫМ, БАСТЫ ҚҰБЫЛАМ, ЕКЕНДІГІН АЙТҚЫМ КЕЛЕДІ.