-0.8 C
Kokshetau
Понедельник, 4 ноября, 2024
-0.8 C
Kokshetau
ПікірЖЕҢІСТІҢ ЖЕТІ САУАЛЫ: «Бас би»-ді Ерейменге кім сайлады?

ЖЕҢІСТІҢ ЖЕТІ САУАЛЫ: «Бас би»-ді Ерейменге кім сайлады?

Бөлісу

Сондай-ақ, оқыңыз...

Анар ханым, алдымен өзіңізбен танысқаныма өте қуаныштымын. Өзіңіз «медиа» саласының маманысыз, білікті тәжірибелі журналистика саласының майталманысыз.

— Қазіргі күні қай жақта еңбек етіп жатырсыз?

Анар: -Қостанай облысында тұрамын. Ең ірі агрохолдинг «Олжа Агроның» баспасөз қызметінің басшысымын.

— Алашқа аты мәлім Ереймен елінің қызы екенсіз, әркімнің туған жері өзіне ыстық. Елдің дамығаны, аудан,ауылдың гүлденгені, «есті адам» үшін үлкен қуаныш. Иә, Анар ханым. Жуырда Ереймен елі «би» сайлады. Қазіргі күні Ербол Дүйсен деген азамат «Ерейментау ауданының Бас биі» боп сайланыпты. Жалпы Ербол Дүйсенді танисыз ба?

Анар: — Ербол мырза алыс жол жүріп, екі баламен шаршап енді елге жеттік пе деп, қуанып сол кісінің кафесінен шәй ішіп, әл жинап алып, әрі қарай Ерейментауға көлік күте тұрамыз ба деп кірген кезде болмайтын жерден жанжал шығарып, менің мүгедектігіме жетіп, екі кішкентай баламен, қолымыздағы жүктерімізбен аямай кафе-моласынан қуып шыққан. Жүрегінде иманы былай тұрсын, бір кіршік адамгершілі, аяушылығы жоқ, қатыгез, ұятсыз, тәрбиесіз адам би болуға лайық па?

Қаршадай қызға ағалық қамқорлығы былай тұрсын, дөңгелетіп отырған кәсібіне түсім түсіруін ойламаған адам, би болғанда қандай пайда келтіреді елге?
Тектілердің мекені, киелі Ереймен елі бишара болғаны соншалық, би болуға басқа азаматтар табылмағаны ма? Сорлаған елім-ай, жетіскен екенсің! Дәл аудан орталығы быт-шыт, толған қоқыс, одан қалды екеуқұйрық басқан, не салынған асфальт жоқ, не су жоқ, не жарық жоқ. Қарасам қарным ашады.

— Ол кезде Ербол  мырза һәм Дүйсен «депутат» па еді?

Анар: — Ол кезде кім болғанын, қазір кім екенін біліп білген кісім емес. Ол кісімен ешқашан білісіп-көрісіп, араласып жүрген емеспін. Танымаймын да. Жоқ жерден жанжал шығарып. Жүктерің көп деді ме, нақты есімде жоқ, он жыл өткен оқиға. Жол үстіндегі дәмхана болғасын әрбір адам жүкпен жол жүрмей ме?

Бұл жерде дәмхана басшысының мүгедектерге жаман көзбен қарағандығы, мүмкіндігі шектеулі адамдарды менсінбей, кемсітуі екендігі айқын танылып тұр ғой. Екі жас келіншек, қасымда екі кішкентай бала, ақша төлемей кете деп қорықса, киіміміз мұнтаздай таза, әл-ауқатымыз бар екендігі көрініп тұр ғой. Өзінің тәрбиесіздігін айқын көрсеткен кезі ғой. Осы әрекеттің өзінен-ақ оның қандай адам екенін бағалауға болады ғой!

— Бұл дәмхана демек, қазіргі  Ерейментау  ауданының Бас биі Ербол Дүйсен мырзаның жекеменшік  дәмханасы ғой. Бұрынғы «Нұр Отан» партиясының  атынан сайланған депутаттың, бұл жайында білген жоқсыз ба?

Анар: -“Жансары” дәмханасы, Ерейментау мен Торғайдың дәл ортасында. Алматыдан ұзақ жол жүріп келе жатып, өз еліміздің дәмханасында көлік күте тұрамыз деген түріміз ғой. Оның кімнің жеке меншігінде екеніне тіптен шаруамыз жоқ. Шәй ішіп, әл жинап, әрі қарай кетеміз деген ниет қой! Ол жерде жүрегіме жара салып, осындай пасықтық көрсетеді деген ой болған емес!

— Жалпы «Би» туралы  қалай түсінесіз? Қазіргі қазақ қоғамына «би»-дің рөлі қаншалықты қажет?

Анар: -Би болуға лайық адамды сайлағаны жөн. Би болатын адам ең алдымен жүрегінде иманы бар, қамқор, тек өзінің қара басын ғана ойламай, сабыр сақтай білетін, ел ағасы болу керек. Елге қамқор бола білуі керек, мынандай мүгедегін жылатып, жүрегіне қаяу түсіретін, елге еш еңбегі сіңбеген адамды сайлағаны мен үшін шок! Масқара!!!

 Ерейментауға жиі барып тұрасыз ба?

Анар: -Жоқ! Барғым келмейді. Инфрақұрылымы күйзелісте, жазда су тапшы, қыста жылу тапшы, жол, жарық былай тұрсын. Бірақ 40 миллонға үлкен сахна сатып алыпты, күлкілі. Одан да айқыш-ұйқыш көше жолдарын жөндесейші. Елдің тумасы әкім болса бәрі керемет, ел көркейеді дегендер қазір қайда?! Күннен күнге ел шөгуде. Тіпті ең қарапайым қоқыс шығаруды да әкімдік болып ұйымдастыру қолдарынан келмеді.

— Соңғы рет қашан бардыңыз?

Анар: — 8 мамырда тоғызыншы мамыр әкемнің туған күніне.

— Анар Кенжебекқызы Қызыкенова ханым шындықты бүкпесіз айтып, сұхбат бергендігіңізге рахмет! Әрдайым жолыңыз болып  шығармашылық жетістікке жетіп, жұлдызыңыз жана берсін!

Анар: -Әумин! Шындық менің Құдайым! Шындық айтылған жерде өтірік өрге баспайды. Сізге де рахмет!

Сұхбатты жүргізген Бурабайдың Жеңісі.

P.S. «Ескі Қазақстанның» етегінен тартып ажырағымыз жоқ. Бұл би сайлануына қатысып, бір ауыздан дауыс берген «би сайлаушылар» сайлаған билеріңізді алдымен қарап, таңдап електеп өткізіп алмайсыздар ма? «Би»-дің рөлі, үйдің рөліне айналып кетпесін, бір үйге емес-тұтас ауданға би сайлағанда байқау керек еді. Салғырттықпен, немқұрайлылық басымызға сойыл боп тиіп жатса да қоймаймыз «ескі кадрды» тықпалап.

Біздің сайт бұл мәселені алдағы уақытта толық зерттеп електен өткізетіндігін еске саламыз.

Барлық материалдар ESILNEWS.KZ желілік басылымының және «ESIL-MEDIA» ЖК, сондай - ақ, оның лицензиарларының меншігі. Сайт материалдарын коммерциялық мақсатта толық немесе ішінара көшіруге тек сайт иесінің жазбаша рұқсатымен ғана рұқсат етіледі.
Жеңіс Оспанов
Жеңіс Оспанов
Ақмола облысы Бурабай ауданының Абылай хан ауылында дүниеге келген. Абылай хан атындағы орта мектепті аяқтап, он тоғыз жасынан бастап баспасөз саласында қызмет атқарып келеді. Өзекті мақалалары әр түрлі деңгейдегі басылым беттерінде Бурабайдың Жеңісі деген атпен жиі жарық көреді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы мақала

Өзге де жаңалықтар