24.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарБасымен емес, басқа бір жерімен жоспарлаған ба? Көкшетауда суғардың дәл ортасына құдық...

Басымен емес, басқа бір жерімен жоспарлаған ба? Көкшетауда суғардың дәл ортасына құдық орнатқан, ол қирап жатыр

Сондай-ақ, оқыңыз...

Көкшетауда биыл ғана пайдалануға берілген жаңартылған жағажайдағы көпірдің маңындағы суағар қирап бұзылып жатыр.

Оны көрген адам қаланың сәулетшілері мен мердігер ұйымның құрылысшылары баспен емес, басқа бір жерімен жоспарлаған ба деп қалады.

Өйткені, құрылысшылар кәріз құдығын суағардың дәл ортасына орнатқан. Бұл қаладан ағып келетін суға бөгет болып, судың ағысын тежейтіні айдан анық.

Тіпті суағардың өзенге құйылар тұсында цемент жетпей қалды ма, әлде мердігерлер үнемдеді ме екен бір жағында бетон қабырға мүлдем салынбаған. Соның салдарынан құдық орнатылған тұстағы бетон опырылып, су өзенге емес, жерге сіңуде.

Тұрғындардың айтуынша, ертең жаяулар жолы бүлініп, сол маңдағы тұрғын үйлердің жертөлесі мен ауласына жайылуы әбден мүмкін.

Қалай болса, солай салынған көпір мен оның айналасындағы суағарлар мен жаяулар жолының сапасы да сын көтермейді.

«Әкімдік қалай қабылдап алды? Шала жоба, шала жұмыстың сапасы сын көтермейді. Бір жыл болмай жатып шашылып жатыр», — дейді редакциямызға хабарласқан тұрғындар.

spot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз