Бурабай ауданында Бөлектау тауына шығып, өздігінен төмен түсе алмаған 1967 жылғы әйел құтқарылды. Әйелдің қан қысымы көтеріліп кен.
Құтқарушылар әйел адамды төмен түсіріп, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.
ТЖМ таудағы қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалуды еске салады!