Қазақстан үшін Ресей сенімді әріптес пе?

Күні кеше өткен Ресей президенті Путиннің Қазақстанға іссапарына қатысты ақпарат құралдарында әртүрлді алыпқашты әңгімелер айтылып жатыр. Проукраиндық ақпарат құралдары  Украинадағы соғысқа қатысты санкцияға ұшыраған Ресейдің басшысын қабылдағаны үшін Қазақстанды жерден алып, жерге салса, Ресейге бүйрегі бұратын ақпарат құралдары осылай болуы тиіс деп қуаныштарын  ашық сездіруде.

Дипломатия саласының кәсіби маманы ретінде Қазақстан  президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп жатқан сыртқы саясатынан кінарат табу қиын. Тәуелсіздік алғалі бері еліміз  ұстанып келе жатқан көп векторлы сыртқы саясатты қазіргі Мемлекет басшысы да жалғастырып келеді. Соңғы жылдарда, әсіресе Украинадағы соғысқа байланысты әлем елдері екіге жарылған тұста  көп векторлы саясат ұстану күн санап қиындай түсетіні белгілі. Осы орайда  әлем қауымдастығының қырына ұшыраған алып көршінің ашуына тимей, дұрыс тіл табысу оңайға түспейтіні айтпаса да түсінікті. Осындай күрделі жағдайда еліміздің басшысының дипломат маман болуы біраз кәдеге жарап тұрғандай.

Онсыз да орыс тілді Қазақстанның орыс тілін халықаралық деңгейде қолдануға байланысты қаржылық қолдау үшін бюджеттен миллиондап ақша бөлуі, елімізде жаңадан орыс мектептерін ашуды жоспарлауы – бәрі де сол дипломатиялық амал-тәсілдер екені түсінікті. Алып көршінің ашуына тимей, тілін тауып, бейбіт тату қатынасты одан әрі жалғастыру дәл қазіргі таңда аса қажет шара болып тұрғанын көкірек көзі ашық әрбір жан жақсы түсінеді.

АҚШ билігіне өзінің берік ұстанымы бар Трамптың келуі Украйнадағы соғысқа елеулі әсерін тигізетінін қазір сарапшылар ашық айтып жатыр. «Соғысты 24 сағатта тыямын» деп мәлімдеген Трамптың қантөгісті тоқтату үшін бар амалды жасайтыны анық. АҚШ-тың қаржылық көмегі арқасында ғана соғыс қимылдарын үзбей жүргізіп жатқан Украина егер Трамп тарапынан қолдауды тоқтату мәселесі көтерілсе аса қиын жағдайда қалатыны даусыз. Осыған орай Зеленскии амалсыз Трамптың дегеніне көніп, бейбіт келісім жасауға баруы мүмкін. Ол келісімнің қандай шартта жасалатыны маңызды емес, ең басты мәселе сондай келісім жасалып, соғыс қимылдарының тоқтау мүмкіндігінің болуында.  Соғыс қимылдарының тоқтауына қазір Ресей әсіресе қатты мүдделі болып отыр. Осы кезге дейін 1 млн-дай сарбазынан айрылып, әлем елдері тарапынан жасалған санкциядан титықтаған Ресейге тыныс алып, ес жию қажет-ақ. Бұл Ресей басқыншылық соғысты мүлдем тоқтатады дегенді білдірмейді.  Путин бастаған қазіргі билік отырғанда соғыстың тоқтауы мүмкін болмасы анық.

Бір-екі жыл ес жиып, әскері мен қару-жарағын бекемдеп алғасын Ресейдің тағы да басқыншылық соғысқа кірісетінінде дау жоқ. Ендігі арада Ресей аттың басын қайда бұрады? Мәселе сонда болып тұр. 2008 жылғы Грузиямен соғыс сияқты  Ресейге қысқа уақытта жеңіске жетіп, халықты желпіндіретін соғыс қажет. Ондай соғыс тағы да Грузиямен бола ма, немесе Ресей аттың басын Қазақстанға қарай бұра ма? Ол белгісіз.

Біздің қорғаныс саласының  басшы мамандары еліміз қандай соғысқа да дайын, кез-келген жауға тойтарыс бере аламыз деп желпіндіргенімен, қарулі күштеріміздің жайы көкірек көзі ашық азаматтарға жақсы белгілі. Қару-жарағымыз негізінен ескі және ресейлік қарулар, әскеріміздің саны 70 мыңдай ғана. Қазіргі күні еліміздің қорғаныс саласына жалпы ішкі өнімнің небары 0,5 пайызы ғана бөлінеді екен. Бір сөзбен айтқанда, еліміздің қорғаныс саласы төрт аяғынан ақсап тұр. Бұл туралы таяуда ғана Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи ашық айтып, қорғаныс саласына бөлінетін қаржы көлемін арттыруды сұрап мәлімдеме жасаған болатын.

Еліміздің орысы қалың солтүстік аймақтарында Ресей келсе гүл алып қарсы алуға дайын сепаратистік пиғылдағы жандар өте көп. Міне, осы жайлардың бәрі егер Ресей тарапынан басқыншылық жасала қалса, еліміздің ондай соғысқа мүлдем дайын еместігін көрсетеді. Бұны Ресей де жақсы көріп, біліп отыр. Осыған орай, қазір Мемлекет басшысының барын салып дипломатиялық тәсілдерге иек артуы бірден бір дұрыс қадам деуге болады. Ресеймен дұрыс қарым-қатынас жасау арқылы соғысты кіідірте тұруға болады, бірақ та оны мүлдем тоқтату мүмкін болмайтыны айтпаса да түсінікті. Бұрыңғы КСРО-ны қалпына келтіруді ашық жариялап жүрген Ресейдің ол мақсатқа жетпей тоқтамайтыны айдан анық. Сондықтан, соғысты болдырмаудың ең сенімді және дұрыс жолы – еліміздің қарулы күштерін барынша нығайту. Жалпы ішкі өнімнің 0.5 пайызы емес, 3-4 пайызы бөлініп, шетелдік  жаңа қару-жарақ сатып алынса, әскер саны 140-150 мыңға дейін көбейтілсе, міне сол кезде алып көршінің басқыншылығына тоқтау салуға болады деуге негіз бар.

Қалкөз Жүсіп.

ТОП-5

Халық блогерлерден неге бет бұрды?

Жыл тоғысына да келіп қалдық. 2024 жыл қазақстандықтар үшін...

Декларация тапсырудан кімдер босатылады?

Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың 4-кезеңінен босату жөніндегі тұжырымдаманы қайта...

Талғардағы оқиға барша қазақстандықтарды алаңдатуда

Қазан айының басында  Алматының іргесіндегі Талғар қаласында  орын алған...

Ресей мен Украинаның арасында бейбіт келісім бола ма?

Украинадағы қанды қырғын соғыстың жүріп жатқанына үш жылдай уақыт...

Бөліп-жарып билеу тәсілі жалғаса бере ме?

Қазақ елі үш ғасырдан астам уақыт Ресейдің боданы болып...

Жаңалықтар

Халық блогерлерден неге бет бұрды?

Жыл тоғысына да келіп қалдық. 2024 жыл қазақстандықтар үшін...

Декларация тапсырудан кімдер босатылады?

Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың 4-кезеңінен босату жөніндегі тұжырымдаманы қайта...

Талғардағы оқиға барша қазақстандықтарды алаңдатуда

Қазан айының басында  Алматының іргесіндегі Талғар қаласында  орын алған...

Ресей мен Украинаның арасында бейбіт келісім бола ма?

Украинадағы қанды қырғын соғыстың жүріп жатқанына үш жылдай уақыт...

Бөліп-жарып билеу тәсілі жалғаса бере ме?

Қазақ елі үш ғасырдан астам уақыт Ресейдің боданы болып...

Апостиль электрондық қызметін қалай жылдам алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа мемлекеттің...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен...

Трамптың билікке келуі Ресейге тиімді ме?

АҚШ-тағы президент сайлауы барша әлем елдерінің назарында болды десек,...
spot_img

Сондай-ақ, оқыңыз...

Танымал айдарлар

spot_imgspot_img