1.1 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАвтожол саласының ардагері: Геннадий Долгихтің жолға қосқан үлесі

Автожол саласының ардагері: Геннадий Долгихтің жолға қосқан үлесі

Сондай-ақ, оқыңыз...

Қазан айының соңғы жексенбісінде Қазақстанда алғаш рет автомобиль көлігі және автожол саласы қызметкерлерінің күні аталып өтті. Мерекенің мақсаты – өңірлерді байланыстыратын, экономиканы дамытуға үлес қосатын жолшылардың еңбегін атап өту. Бұл күні тек сала мамандары ғана емес, ардагерлер де құрметке бөленді.

Автожол саласының ардагері Геннадий Васильевич Долгих өмірінің көп бөлігін жол саласына арнаған. Ол автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы басқармасының бастығы қызметін атқарған. Сондай-ақ «Ақмолжолзертханасы» РММ-ін басқарған. Геннадий Васильевич өңірдің көптеген жобаларын жүзеге асыруға қатысып, жол саласының дамуына елеулі үлес қосқан.

«Бүгінде автожол саласы сенімді қадамдармен алға жылжып келеді. Соңғы жылдары жаңа технологиялар енгізілуде, техника жаңартылып жатыр. Сапаны бақылау – дамудың басты бағыты. Ең қуаныштысы – біздің ізбасарларымыз саланы дамытып келеді. Көптеген жол учаскелері жөндеуден өтіп, жаңғыруда», – дейді ардагер.

Геннадий Долгих әр шақырым жолдың салу – ауыр, күрделі әрі жауапкершілікті қажет ететін еңбек екенін атап өтті.

«Автожол саласы – бұл қауіпсіздік, жайлылық, сапа және тиімділік. Халық біздің еңбегімізді өз көзімен көреді, жолдармен жүрсе жеткілікті. Сондықтан барлығы халық үшін болуы керек», – деді ол.

Ардагердің сөзінше, жолшылардың еңбегі әрдайым құрметке лайық. Саланың дамуы – әр шақырым жолдағы жауапкершілік пен күш-жігердің нәтижесі.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз