0.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАтқарушылық іс жүргізуді қозғау

Атқарушылық іс жүргізуді қозғау

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысының Әділет департаменті көрсететін маңызды мемлекеттік қызметтердің бірі өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау. Бұл қызмет азаматтар мен ұйымдарға сот шешімдерін және атқарушылық құжаттарда бекітілген басқа да міндеттемелерін   орындауға көмектеседі.

Бұл қандай қызмет және ол не үшін қажет?                            

Атқарушылық іс жүргізу – бұл борышкерлер орындауға міндетті соттың және басқа органдардың шешімдерін мәжбүрлеп орындау процесі. Егер сот шешімі өндіріп алушының пайдасына шығарылса, бірақ борышкер оны өз еркімен орындамаса, мемлекет мәжбүрлеп өндіріп алу тетігін ұсынады.

Рәсімді бастау үшін өндіріп алушы атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы өтінішпен жүгінуі қажет.Бұл процесс Қазақстан Республикасы Әділет министірінің 2020 жылғы 29 мамырдағы №69 бұйрығымен регламенттелінген. Бұл қызметті·        өрсетілген қызметті беруші арқылы (аумақтық әділет органы) және         Азаматтарға арналған үкімет ( Мемлекеттік корпорациясы арқылы) (ХҚКО) алуға болады.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар тізбесі:

  • — Қағидаларға  сәйкес нысан бойынша атқарушылық құжатты жазып беру және мәжбүрлеп орындауға жолдау, атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы өтініш.
  • -Атқарушылық құжат.
  • -Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға аттестаттаудан өтуге жіберу туралы Қағидалардың 2-қосымшасынасәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш.
    Жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат.

Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады».

2025 жылы Ақмола облысында атқарушылық іс жүргізуді қозғау бойынша 88 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Негізінен азаматтар көрсетілген қызметті беруші арқылы аумақтық әділет органдарына жүгінген. Алайда, бұл қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және eGov.kz  порталы арқылы алуға ыңғайлы әрі қолжетімді екенін атап өткен жөн. Бұл өтініш берушінің қалауына байланысты құжаттарды тапсырудың ең қолайлы әдісін таңдауға мүмкіндік береді.

Әрбір өтініш беруші өз құжаттарын тапсырудың өзіне ыңғайлы әдісін таңдайды. Алайда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы мен eGov.kz  порталдын пайдалану уақытты едәуір үнемдейді, мемлекеттік мекемелерге бару қажеттілігін жояды және қызметті алу процесін барынша ыңғайлы етеді.

Жұлдыз Жақсылыққызы, Ақмола облыстық әділет департаменті сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің бас маманы                                                                      

 

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз