-1.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтар«Астана–Петропавл» трассасында болған жол апатынан бір адам көз жұмды

«Астана–Петропавл» трассасында болған жол апатынан бір адам көз жұмды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында ірі жол апаты тіркелді, деп хабарлайды Esilnews.kz тілшісі.

Полиция департаментінің мәліметінше, 22 қазан күні «Астана–Петропавл» автожолының 99-шақырымында «КамАЗ» жүк көлігі мен «Hyundai Creta» жеңіл автокөлігі соқтығысқан.

Салдарынан «Hyundai Creta» көлігінің жүргізушісі оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды.

Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама қорытындысынан кейін процессуалдық шешім қабылданады.

Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, жылдамдықты шектен асырмауды және көліктің техникалық жағдайына мұқият болуды ескертеді.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз