7 наурыз күні Астана — Петропавл тас жолында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан MAN жүк көлігінің 32 жастағы жүргізушісі қаза тапты.
Алдын ала мәлімет бойынша, көліктердің соқтығысуы өте қатты болған. Соққыдан жүк көлігі қатты зақымданып, жүргізуші оқиға орнында жан тапсырған.
Оқиға орнына полиция мен құтқару қызметтері жедел жетіп, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Қазір апаттың нақты себептері анықталып жатыр.
Полиция жүргізушілерге жолда аса мұқият болып, жылдамдық режимін сақтауды ескертеді.










