1.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарAlphard-ты кінәлағаннан не өзгереді? – депутат Саировқа сауал

Alphard-ты кінәлағаннан не өзгереді? – депутат Саировқа сауал

Сондай-ақ, оқыңыз...

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров еліміздегі жол-көлік оқиғаларына байланысты «Toyota Alphard» көліктерін сынға алды. Оның айтуынша, бұл маркалы көліктер қалааралық тасымалда көп қолданылады әрі трассада жүргізушінің көрінісін шектеп, апатқа себеп болуы мүмкін. Депутат тіпті: «Қайғылы жағдайлардың статистикасы шектен асып тұр» деп мәлімдеді.

Алайда мәселенің түп-тамырына үңілсек, апатқа көлік емес, жүргізушінің әрекеті себепкер екені айқын. Машина өздігінен ешқашан апат жасамайды. Қауіпсіздік ең алдымен жүргізушінің жауапкершілігіне, ережені сақтауына және жолдағы мәдениетіне байланысты.

Сонымен бірге, еліміздегі жолдардың сапасы да алаңдатады. Шұрық-тесік асфальт, дұрыс қойылмаған белгілер, жарықтандырудың жеткіліксіздігі — қайғылы жағдайға жетелейтін негізгі себептердің бірі. Жүргізушіден тәртіп талап ету аздық етеді, мемлекет жол инфрақұрылымын жүйелі түрде жаңартып, сапасын қадағалауы тиіс.

Ал автобандардағы тағы бір өзекті мәселе — малдың жолға шығуы. Соңғы жылдары «жолда малға соғылу» деректері жиілеп кетті. Бұл үшін көлік пе кінәлі, әлде бейшара малдың өзі ме? Неге «Қазавтожол» мен жол полициясы қатаң бақылау орнатпай отыр? Әрбірден соң жүргізушілер сапасыз қызмет үшін неге ақы төлеуі тиіс? Егер ақылы жол қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ете алмаса, ондай қызметтің мәні неде?

Тағы бір айта кетер жайт — депутат айтқандай, егер мәселе тек рөлі оң жақтағы көліктерде болса, онда барлығына бірдей заңмен тыйым салу қажет. Мәжіліс айыптаушы орган емес, заң шығарушы орган. Демек, ең әуелі заңнаманы дұрыстап, нақты талап қою — депутаттардың тікелей міндеті.

Ендеше, мәселені жеңілдетіп, көлікті айыптаудың орнына түйткілдің түпкі себебіне үңілуіміз қажет. Жол қауіпсіздігі — жүргізушінің жауапкершілігімен қатар, билік пен тиісті мекемелердің міндеті.

Жауапкершілік рөлде отырған адамға да, жолды салған және бақылайтын жүйеге де жүктелуі тиіс. Өйткені көліктің не кінәсі бар?

Оқырман, сіз не дейсіз? Пікір қалдырыңыз, ой бөлісіңіз!

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз