Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, DAF жүк көлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, «Газель» маркалы жолаушылар көлігімен соқтығысқан.
Соқтығысудың салдарынан екі көліктің жүргізушісі мен «Газельдегі» 10 жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бес адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Белгілі болғандай, «Газель» көлігі Жүргенев атындағы ауылдан облыс орталығына ресми бағыт бойынша жолаушылар тасымалдап келе жатқан.
Қазір оқиға орнында полиция, жедел-тергеу және төтенше жағдайлар қызметтері жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның нақты себебі мен барлық мән-жайы анықталуда.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Еске сала кетсек, бұдан бұрын «Астана–Петропавл» трассасында болған жол апатынан бір адам көз жұмғанын жазған едік.