-2.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАқмоладағы цемент зауыты тоқтап қалуы мүмкін: жүздеген жұмысшы жалақысыз отыр

Ақмоладағы цемент зауыты тоқтап қалуы мүмкін: жүздеген жұмысшы жалақысыз отыр

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысының Біржан сал ауданындағы Заозерный кентінде орналасқан белгілі «Көкше цемент» зауыты бүгінде ауыр жағдайда тұр. Кеше ғана өндірістің алдыңғы шебінде жүрген жүздеген жұмысшы бүгін өздерінің ертеңіне күмәнмен қарап отыр, деп хабарлайды Esilnews.kz тілшісі.

Зауыттағы жалақы мәселесі, өндірістің тоқтауы және басқарудағы жүйесіздік жұмысшылардың күткен болжамдарын шындыққа айналдырды. Ақыры кәсіпорын директоры Оспанов отставкаға арыз жазды. Бұл қадам – бір адамның емес, тұтас ұжымның тағдырын айқындайтын белгі. Өйткені дәл осы жолды енді бүкіл жұмысшылардың да басынан кешуі мүмкін.

Кәсіпорынның бақылау кеңесі, құрылтайшылары мен қожайындары зауытты қараусыз қалдырды деген пікірлер айтылып отыр. Ендігі жерде жұмысшылар өз еңбекақыларын тек сот арқылы талап етуге мәжбүр. Ал ол ұзаққа созылатын әрі жүйкені қажытатын жол екені белгілі.

Бұл мәселені тек зауыт қана емес, күллі өңірдің тұрғындары сезінгелі тұр. Себебі өндіріс тоқтаса, Заозерный кентімен бірге Краснофлот, Кеңащы, Андықожа батыр, Аңғал батыр, Тасшалқар, Степняк ауылдарының тұрғындары күнкөріс көзінен айырылады. Зеренді, Сандықтау аудандарынан, тіпті Көкшетаудан қатынап жұмыс істейтін жүздеген жан бар. Басқаша айтқанда, зауыттың тағдыры – тұтас аймақтың әлеуметтік ахуалына тікелей ықпал етеді.

Зауыттың иелері – Карина Сәрсенова мен оның шетелдік жұбайы Ауджелло Марко – қандай шешім қабылдайтыны әзірге беймәлім. Бірақ жүздеген отбасының бүгінгі тағдыры сол шешімге байланысты. Еңбекақысына зар болған адамдардың бір бөлігі амалсыздан айлығы сақталмайтын еңбек демалысына өтініш жазып берсе, енді бір бөлігі өз еңбегінің ақысын талап етуден әлі үміт үзген жоқ.

Министрлік те, Президент Әкімшілігі де мәселені назарға алғаны айтылады. Алайда жеке кәсіп иесінің халық алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті сезінуі басты шарт. Егер жұмысшыларға иек артуға мүмкіндік қалмаса, әлеуметтік тұрақтылыққа селкеу түсетіні сөзсіз.

Бүгінгі ахуал – «ақша табу» мен «адам тағдырына жауапкершілікпен қарау» арасындағы таңдау. Цемент зауытының болашағы белгісіз. Бірақ мемлекет пен қоғам үшін ең маңыздысы – онда еңбек етіп жүрген жандардың тағдыры.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз