Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Қазақстан Республикасының колледждерінің үздік 100 студенті» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Іріктеу кезеңдерінің қорытындысы бойынша өңірлерде 200 студент республикалық турға өтті, оның 100-і марапатқа ие болды. Байқау еліміздің түкпір-түкпірінен ең үздік, талантты және дарынды колледж студенттерін жинады.
Байқау алғаш рет өткізіліп отыр, басты мақсат — экономиканың түрлі салалары үшін білікті мамандардың кадрлық резервін қалыптастыру. Жарысқа техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан барлығы 2 мыңнан астам студент қатысты.
Байқау жеңімпаздары «Қазақстан Республикасының колледждерінің үздік 100 студенті» деректер базасына енгізіліп, олардың барлығы жұмысқа орналасуға ықпал ететін арнайы сертификаттармен табысталды. Сондай-ақ үздік жобаларды іске асыру үшін қолдау көрсетілетін болады.
Жантайқожа Аллан Еранұлы – «Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледжі» МКҚК
Айтен Алтынай Саматқызы – «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК
Есенғазы Бекжан Сайранұлы – «Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі»
Қабдөш Ахатыр Ерболатұлы – «Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК
Прядко Григорий Сергеевич – «Орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжі, Щучинск қаласы» МКҚК
Беленец Каролина Викторовна – «Жоғары техникалық колледж, Щучинск қаласы» МКҚК