13 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАқмола облысында жолдарды орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда

Ақмола облысында жолдарды орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында бірқатар ірі автожолдарда орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл «Көкшетау – Зеренді», «Көкшетау – Рузаевка», «Көкшетау – Омбы» сияқты маңызды автожолдар жаңартылуда. Жол жөндеу сапасына ерекше көңіл бөлініп отыр.

Ірі жобалардың бірі – «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шекарасы (Омбы бағыты)» автожолының 14-50 шақырым аралығындағы бөлігін орташа жөндеу. Жөнделетін учаскенің жалпы ұзындығы — 36 шақырым. Өткен жылы мұнда 12 шақырымда жол жабындысының негізіне қайта өңдеу (ресайклинг) жүргізілді, 11 шақырымға ірі түйіршікті асфальтобетоннан төменгі қабат төселді, 1,5 шақырым жолда ұсақ түйіршікті асфальтобетоннан жоғарғы қабат салынды. Нысан қажетті жол-құрылыс материалдарымен үздіксіз қамтамасыз етілуде. Барлық жұмыстар бекітілген кестеге және қолданыстағы нормативтерге сәйкес жүргізілуде.

Ақмола облысы бойынша «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК филиалының инженерлері нысанға үнемі барып, жол-құрылыс материалдарынан сынамалар алып тұрады. Сонымен қатар жөндеу жұмыстарына тексеру жүргізіп, сапасын бақылауда.

«Көкшетау – Атбасар» республикалық автожолының Зеренді ауылынан Көкшетау қаласына дейінгі бөлігі де жаңартылып жатыр. Жол ені 7 метрден 11 метрге дейін кеңейтіліп, үш жолақты болады. Бір жолағы реверсивті қозғалыс үшін қолданылады. Қазіргі таңда жолды кеңейту, фракциялық қиыршықтастан негіз төсеу, әрі қарай ресайклинг пен цементтеу, асфальт төсеу жұмыстары жүріп жатыр. Жол құрылысының 35–40 пайызы орындалған.

«Бұл жобалар өңірдің инфрақұрылымдық дамуы үшін маңызды. Ең бастысы – сапалы әрі ұзаққа шыдамды болуы. Сондықтан жол-құрылыс жұмыстарының сапасы бірінші кезекте тұр. Жол активтерінің сапа орталығының филиалы жөндеу учаскелеріне үнемі барып, бақылау жүргізіп, құрылыс материалдарынан сынамалар алады. Кейін олар стандарттар мен талаптарға сәйкестігі бойынша зерттеледі», – деді «Жол активтерінің сапасының Ұлттық орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Талғат Қайратхан.

Жөндеу жұмыстары аяқталған соң жолда үш жолақ бойынша қозғалыс ұйымдастырылады, олардың бірі реверсивті болады. Мұндай қозғалыс схемасы жолдың өткізу қабілетін арттырып, әсіресе көлік ағыны көп кезеңдерде жол-көлік оқиғаларын азайтып, туристер мен жергілікті тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасайды.

Аталған жобаларды жүзеге асыру өңірдегі көлік инфрақұрылымын жақсартуға, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және автокөлік жүргізушілері үшін қолайлы жағдай туғызуға септігін тигізеді.

spot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз