1.1 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАқмола облысында жол полицейлері боранда 280 көлікке жол бастап жүрді

Ақмола облысында жол полицейлері боранда 280 көлікке жол бастап жүрді

Сондай-ақ, оқыңыз...

6 қараша күні кешкісін қар аралас жаңбыр мен көктайғаққа байланысты Астана–Ерейментау–Шідерті тас жолының 16–200 шақырымында қозғалыс шектелді. 7 қараша таңертең шектеу алынған соң, Ақмола облысының патрульдік полициясы жолдағы жағдайды бақылап, көліктерге бағыт-бағдар берді.

Полицейлер 80 жүк көлігі мен 200-ден астам жеңіл автокөліктен тұратын колоннаны қауіпсіз түрде алып жүрді — бұл биылғы маусымдағы алғашқы осындай ауқымды шара.

Әр жүргізушімен жеке сөйлесіп, жолда абай болу, арақашықтық сақтау және қозғалыстың бірыңғай ырғағын ұстану қажеттігі түсіндірілді. Барлық көліктер қысқы дөңгелектердің болуына тексерілді.

Полицейлер тұрғындарға ауа райы қолайсыз кезде жолға аса мұқият болуды ескертеді.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз