13 қазан күні Ақкөл қаласында жол-көлік оқиғасы салдарынан ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Esilnews.kz тілшісі.
Оқиға кешкі уақытта, Кирдищев көшесінде, аудандық емхана маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Mercedes-Benz маркалы автокөліктің жүргізушісі жол бойымен келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам орта жаста болған. Ол алған ауыр жарақаттарынан жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында көз жұмған.
«Mercedes-Benz» автокөлігінің жүргізушісі Кирдищев көшесімен жүріп келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып өткен. Зардап шегуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша тергеу амалдары басталды», — делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Қазір жол-көлік оқиғасы бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, істің мән-жайы анықталып жатыр.
Полиция тұрғындарға жолда сақ жүруді және белгіленбеген жерден өтпеуді ескертеді.